Өлең, жыр, ақындар

Безендірілген кітаптар

Күн сайын адамдар кітаптарға тап болады. Қазіргі таңда көбінесе электронды кітаптарға. Бірақ баспа басылымдарының арасынан полиграфияның жауһары деуге тұратындай кітаптар кездеседі.  Кітапты мұқабасымен сынамайды дейді. Бірақ төменде келтірілген тамаша дизайнерлік кітаптар сіздің мұқабалар және кітаптар туралы ойыңызды  өзгертеді.

 

Рэй Брэдберидің  «Фаренгейт бойынша 451 градус» кітабының безендірілуі

Оқып болдың – өртедің. 451 °F — бұл қағаздың тұтану температурасы. Кітаптың өзі болса, үкімет рұқсат бермей, өртететін кітаптар туралы.  

 

360° кітап

Жапон суретшісі Yusuke Oono-ның Ақшақар туралы үш өлшемді, безендірілген кітабы. Мұндай кітаптар оқырмандарды мазмұнымен ғана емес, сонымен қатар формасымен де қызықтыратыны сөзсіз.

 

Оқудан алдын пісіру қажет болған, аспаздық кітап

Кітаптағы рецепт бойынша ас әзірлеуден алдын, кітапты пісіріп алу қажет. Кітап беттерінденгі мәтін кітап қыздырылғаннан кейін ғана пайда болады. Хорват кітап бастырушыларының идеясы.

 

Жүз мың миллиард өлең

Раймонд Квинаудың кітапбы бар болғаны 10 сонеттен тұрады. Бірақ оның әрқайсысы бір жолдан жіңішке кесінділерге кесілген. Оқырман кесінділерді кез келген тәртіпте қиыстыра алады. Егер оқырман барлық мүмкін болатын қиыстыруларды күнделікті дауыстап оқитын болса, онда ол үшін 200 000 жыл қажет болады.

 

Gerschreven Portretten көлемді кітаптар

Өмірбаян-кітап көлемді болып жасалынған. Яғни кітап өзі баяндайтын атақты адамның бас келбетінен тұрады.  Мұндай ерекше өмірбаян кітабына тек төрт адам ғана лайық болды. Олар: фашизм туралы баяндайтын, өзінің күнделігімен танымал болған  еврей қызы Анна Франк, иран-голландық прозашы, ақын, көсемсөзші Кадер Абдола, танымал нидерландық футболшы және жатықтырушы Луи Ван Галь және суретші Винсент Ван Гог.

 

Мүсін кітаптар

Брайан Деттмердің лақабы  — «кітап аршығыш». Ол «бук-карвингпен», яғни кітап оюмен айналысады. Оған қандауыр пышақ, кішкентай қысқыш, қайшы және кітап болса болғаны, нәтижесінде тамаша өнер туындылары шығады.

 

Әлемдегі ең кішкентай кітап

 

Кішкентай «Гүлдер мен өсімдіктердің альманахының» өлшемі 0,75 мм. Кітапқа «Төрт мезілдің гүлдері» аты берілген.  Ол Жапонияның барлық гүлдері мен өсімдіктері бойынша анықтамалық болып табылады. Кітапты жасауға сегіз ай кеткен.

 

Сағат - кітап

 

Үш кітаптан тұрады, сырттай сағаттың қызметін атқарады.

 

Тесік кітап

Жазушы  Д.С.Фоер өз туындысында гипермәтіннің не екенін көрсеткен сияқты.

 

Такеши Исигуроның жарық кітабы

Бұл кітап шамнан тұрады, қарапайым адаптер арқылы қуат алады.

 

Кітап – шам

Кітап шам стильінде жасалынған. Сөреде ғана емес, үстел үстінде де тамаша көрінеді.

 

Википедия қағазда

Дизайнер Роб Мэттьюс ағылшын википедиясының ең көп қаралатын беттерін 5000 беттен тұратын кітап ретінде шығарған.

 

Кофенің дақтары бар кітап

Марта Хеденнің бұл туындысы кофенің адам ағзасына пайдасын баяндайды.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Ерлан Маштаев

Рэй Брэдберидің «Фаренгейт бойынша 451 градус» кітабының безендірілуі мықты!

Мұнар

Википедия кітабын кім оқып отырады?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз