Өлең, жыр, ақындар

Сөйлейтін кітапхана жайлы не білесіз?

Кітапхана — адам баласын рухани тұрғыда дамытушы негізгі орта. Жасыратыны жоқ, дамыған 21-ғасырда көптеген жастар қажетті ақпаратты кітапханадан емес, дайын интернет желісінен іздеуді жөн көреді. Осы тұста кітап оқуға зауқы жоқ жандар үшін Даниялық белгілі журналист Ронни Абергел 2000-жылы ерекше кітапхана ойлап тапты.

Мұндай кітапханаға келген қонақ, кітап алып оқудың орнына өмірді көрген түрлі тұлғалардың әңгімесін 30 минут тыңдауына болады. Ерекшелігіде сол, түрлі жанның шытырманға толы хикаясын тыңдау арқылы әрбір тұлға өз өміріне сабақ түйе алады.

Ронни Абергелдің айтуынша бұл жобаның пайда болуына басты себеп: жақын досының Копенгаген елді мекеніңде оқыс оқиға — пышақ жарақатына тап болуы. Осындай қиын жағдайға қарамастан аман қалған досы, қазіргі таңда «Әлемдік зорлық- зомбылыққа қарсы күресушілердің» қатарыңда.  

Бұл жоба жайында қоғам арасында бірнеше сыни көзқарас қалыптасты. Тіпті кейбірі: «Мұндай кітапханалардың саны көбейсе, халықтың рухын дәстүрлі кітапханадан алыстатып аламыз» — деп, өз пікірлерін білідірді. Ал, бұл сауалға Ронни Абергел: «Мен де бұл жоба іске асады деген теория бар еді. Себебі, кітапхана бай немесе кедей, үйсіз немесе сарай тұрғыны, профессор немесе сауатсыз болсын барша жұртты қабылдай алатын біздің қоғамдық дәуірдегі санаулы орындардың бірі» — деп, өз әлеуметтік парақшасыңда жауап қайтарды.        

Расында, алғашында бұл жоба құлаққа түрпідей естілгенімен бүгінгі күнде әр мемлекет түкпірінен ерекше орын алуда. Әлемнің 80-нен аса елінде бұл жоба қолға алынуда. Американың Чикаго және Сан-Франциско сияқты қалаларында айналымда жүр. Дәстүрлі кітапханаға да еш кедергісін келтіре қоймады. Бұл арқылы, расыменде, әлем жұртының тансық емес танымдық дүниелерге құмар екенін аңғарсақ болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Бекзат

Подкасттың бірі түрі ма?)

Cagida

Жақсы идея екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер