Өлең, жыр, ақындар

"Медиа-мәдениет және "Сандық (цифрлық) Қазақстан" моделі: қазіргі заман келбетіндегі болашақ

Медиа мәдениет - әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде азды-көпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени құбылыстардың жиынтығы.

Медиа мәдениет нақтылы белгілер мен мінездемелерге жауап беретін әлеуметтік феномен, жалпыламалыққа түсетін ауыртпалық, орташа семиотикалық тілдік нормаларға бағытталу, жаңа комуникациялық технологияларға сүйену, қызмет етудің коммерциялық мазмұны болып табылады. Көркем мәдениеттің түрі, "классикалық", халықтық мәдениеттен алшақ және әнердің өмірдің аса маңызды салмақты саласынан ойын-сауық саласына ойысып, "сән сезімін" жоғалту және ықпалдасу процестерінің күшеюі нәтижесінде стандартталған мәдени формалардың, ережелер мен бейнелердің кең таралуына жағдай жасайтын, трансұлттық мәдениеттің қалыптасуына себепкер болатын қазіргі мәдениеттің ерекше қабаты.

Қарабайыр, күңгірт сананы қалыптастырушы алдап-арбаушы, бірыңғайландырушы тетіктерді қамтамасыз етуші акпараттық қоғамның мәдениетінің тілі, ерекше белгілер жүйесі.

Цифрлы технологияға көшу елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ қолға алына бастады. Барлық мемлекеттік мекемелелерді, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынғаны әлі есімізде. Қазіргі уақытта қазақстандық экономиканы цифрландырудың артып келе жатқан өзектілігі әлемдік аренада еліміздің одан әрі экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифр­ландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде.

Қазіргі технологиялық трендтер үдерісін қуып жетудің өзі мүмкін емес. Бұл біздің Қазақстанға емес, бүкіл әлем елдеріне қиындық келтіруде. Бірақ, солай болса да, әлемде жаңа пайда болған технологияларды игеруге ұмтылмай отырған ел жоқ деуге болады. Басты қатердің өзі осында тұр. Өйткені бүкіл әлем болып жаңа технология­лары игерудің марафонына қосылды. Марафонға қосылған екенсіз, енді тұрып қалу жоқ.

Қазақстан қазірдің өзінде ақпараттық технологияларды енгізу, компьютерлік қамтамасыз ету, интернетке қосылу, «Электронды» үкімет жұмыстарын ұйымдастыру көрсеткіші бойынша ТМД кеңістігінде алдыңғы қатарда келеді.

Тәуелсіз еліміз болып, Үкіметіміз болып, алға қарай талпынған жастарымыз болып, заманның қайда, қалай бет алғандығын ұқтық, осы жолда басты бәйгеге тіктік. Өйткені стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру тұрғысынан алғанда әлемде бейбіт және бәсекелестік жағдайда дамудың бұдан ауқымды басқадай басты бағыты да жоқ. Халықтар мен елдер және олардың дәс­түрі әртүрлі болғанымен, прогрестің бағы­ты – біреу және ол айқындалып отыр. Цифрландыру қазіргі әлеуметтік-эконо­микалық салалардың барлығына ортақ. Демек  алдағы бес-он жылдың ішінде әлемнің барлық елдері осы жолға түсетін болады.

Технологияларды ойлап табу арқылы адамзат өз тіршілігін жеңілдетіп жатыр. Есесіне уақыт үнемделіп, сана-сезімнің өсуіне мүмкіндік жасалады. Бірақ қазіргі технологиялық трендтер үдерісін қуып жетудің өзі қиын. Шетелдің дамып кеткен өнімдеріне тамсанып, "бізге өсу керек" деп отыра беретін болсақ, бүгінгі күйімізден де жаман құлдырап кетуіміз мүмкін. Сол себепті өзімізге жеткілікті түрде дамып, дамыған, алпауыт емлекеттердің қатарына қосылуымыз керек. Медиа-мәдениет пен цифрландыруды бір қалыпта ұстап, дамытатын болсақ, жарқын болашағы бар мемлекетке айналатынымыз, шындық!

Мәдениет – ақпараттық үдеріске қосылған өзіндік ерекшелігі бар механизм және әлеуметтік маңызы бар ақпараттарды қалыптастыратын және тасымалдайтын механизм болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, мәдениеттің өнімі – бұл белгілік құралдар арқасында қоғамда жасалынатын және сақталынатын әлеуметтік ақпарат. Сол ақпаратты жеткізуші бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер. Сөзімнің қорытынлысын жеткізетін болсам, жаңа дамыған заманда медиа-мәдениетті дамыта отырып, цифрлы Қазақстанға көшу, бұл жаңа мәдениеттің бастауы. Егер қолымыздан келгенін жасап, елімізге өз пайдамызды тигізер болсақ, алғы шептегі елдердің бірі боларымыз анық.

 

Мейрбек Баян Мұратбекқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультетінің 1 курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар