Әлемге әйгілі Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Түрки. Өз еліне білімімен және көргенді қасиетімен көзге түскен Әл-Фараби атамыздың еңбегі бүкіл әлемге үлгі және алтын қазына. Өз елімізден осындай данышпан ғұлама шығуы,біз үшін үлкен мақтаныш. Осындай көреген,философ және лингвист, музыка негізін қалаған тұлға туралы жазуды, жүрегім шын ниетпен қалады. Берілген атақтылық және данқ ол кісіге бір таңғаларлығы еш уақытта тәкаппарлық қасиет жанына жуықтата қоймаған. Білген, түйген дүниелерін әр уақытта замандастарына және шәкірттеріне үйретуден талмаған ұлы ұстаз болғаны, ұлы жеңістің басы болған. Бала кезінен білім-ілімге назары ауып, көп кітаптың басын шалған бала Әбу-Насыр Отырарда туып өскен екен. Отырарды арабтар Фараб деп атаған соң, Әбу-Насыр атамызға Әл-Фараби деген есім берілген екен. Арабтарға және кейінгі ұрпаққа Әл-Фараби деген есімімен белгілі болып кеткен. Әл-Фараби атамыздың әкесі мен анасы өте жайсан кісілер болған және қазақилығымен, қонақжайлылығымен парасатты кісілер болғаны бала Фарабиге көп септігін тигізген. Баласының осындай ұшқыр ойлы және білімге құмартқанына қатты риза болып, барын еш аямай басқа елдерге оқуға жіберген, анасы мен әкесі өте жақсы кісілер болған екен іздестіруімше. Әрине дана халқымыз "Әкеге қарап ұл өсер" деген сөздері халықтың тәрбиесіне және әкесінің бала Фарабиге жеткізген өнегесінен болар. Әл-Фараби өзінің туып өскен туған жерінің қамын ойлағанан болар осындай еңбектері жарыққа шықты. Көп ізденісті талап еткен бұл еңбегі өз шаһарынын сәні де қорғанына айналған іспеттес. Еңбегі едәуір көп ұлы ойшыл Фараб еліне көп қызмет атқарады. Бұны байқаған сол шаһардың әміршісі оны байқап, саралап, бағалай бастайды. Кейін ел ісіне деген іскерлігін елеп, Әл-Фарабиді қасында жұмыс істеп, оң қолы болуын жеткізеді. Әл-Фараби өз еңбектерін сол кездерде де кітап қылып шығарып, әміршіге де берген болатын. Кітапты оқып,ел басқару ісіне де көзі шалған болатын. Бірақ Әл-Фараби жауап ретінде ұлы әміршіге"Әр адамның өзінің сара жолы бар емес пе? Сізде ел қамын ойлайтын әміршісіз, ал мен ғылымның адамымын, ғылымның негіздерін ашып, құпия сырларына жауабын тапсам" деп өз әміршісіне қарсылық танытады. Сені қинай алмаймын, өз шешімін деп 1000 динар ақы берген екен. Көптеген оқиғаларын бала кезімде оқығанмын. Әр- бір бастан кешкен оқиғасында бір мән, игі іс, көргенділік жатыр. Ізденген адамға бәрі кездесе береді емес пе?! Ғылым жолына ниет танытқан адам, түбінде ғылымның адамы болары хақ. Ғылым мен өнер жолына көп мүмкіндіктер ашылады. Үйіне қонаққа келген керуенмен ілесіп, Бағдад шаһарына оқу-білім іздеп және бай кітапханасы бар деп жол тартады. Өз елі, жерінде де ақылды маман иелері ұстаздары болса "Әл-Фараби сен 2 жыл дәріс алсанда, біз сені әлі оқытармыз деп ойлағанбыз, сен барлығын озық ойлайтынына көзіміз жетті" деп өз елі, ұстаздары, Бағдадқа шығарып салады. Бағдад шаһарына барыпта, көзі ашылған көреген шәкірт бола бастайды. Жіті назарда ұстап отырған жаулары да көбейе бастайды. Соған қарамастан өз діттеген мақсатына ұмтылыс жасайды. Әр бір істің бір қайыры бар дегендей, философтында еңбектеніп, тырмысып жасап жатқан дүниелері, мінекей қазір елең еткізбей қоймайды. Білім қуып барған жас шәкірт Бағдад шаһарында өмірден өтеді,мінекей қазір біздер 1150 жылдығын тойлап, мерейін тойын үстем етіп, эстафеталар өткізіп жатырмыз. Байқап қарап барлау жасасақ сол заманның хәл-ахуалын жақсы түсінген адам болған. Халқы үшін бар жағдайын жасап беруге ұмтылып, су ағызу жүйесінен бастап ел басқару, халықтың шығынынан гөрі кірісін көбейтіп берген ерекше тұлға. Тіптен табиғаттың сырында қалт жібермей барынша зерттеулер жасап кеткен ғұлама ғалым. Барынша халқына жанашыр болу әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Әбу Насыр Мұхаммад және ұлы кемеңгер ойшылымыз Абай мұралары көп жылдан келе жатқан үлгі және үндестік. Көкейіме бір сауал келгенде, әбден ізденіп түннің жарымында сол сауалымның жауабын таптым. Көкейіме көкей кесті келген сауал: Әбу Насыр мен рухани жағынан болсын, ең жақсы жақын сабақтас адам болды ма? Әрине!! Жауабы Абай Құнанбаев. Әрине сол жылдармен сәйкес келмегенімен, оларды мыңжылдық мәдени үндестіру рухымызды ояту болып табылады. Сол заман болсын яки көп жылдар өтсе де дана ойшылдарымыздың қалдырған рухани және материалдық қазыналы кітаптары осы заман секілді көрінеді. Көбісі айтар, заман басқа адам басқа деп. Бірақ шындығына келген де заманнан емес, адамнан екенің естен шығармауымыз керек. Досымның тарту еткен таралғысынан Пайғамбарлар қисасы туралы айта өтсем деймін. Дүниені жаратқан, пендені жаратқан, жаратушы Алла тағала пайғамбарлар секілді, әр дәуір өткен соң, халықтың есінде мәңгі сақталатын, жадынан мәңгі өше қоймайтын бір пенде сыйлап отырады екен. Қазақ халқының дәріптеуінше ұлы тұлғалар мәңгілік есте. Қазағымыздың жарық жұлдызы да осы Әбу Насыр Әл Фараби. Әлемге өзің мойындатқан, әлемнің екінші ұстазы болу кімнің де болсын қолынан келе бермейтін дүние . Өзіміздің ел, табан тіреген жер, дәм татқан мекенде де осындай ұлы тұлғамыз Әл Фараби заманынан озық туған пенде. Іс сапармен Харан, Мысыр, Халеб елдерінде жүрседе, өз туған жерін сағынбады десек қателік. Соған орай ізденіс арқылы тапқан дүниелерімнің бірі мына өлең шумақтары. «Кешір мені, туған жер, Сені артқа тастадым Кешір мені, туған ел, Жолды алыс бастадым Кешірер мені ар ожданым Білім болды баққаным. » (Шымкент. 1992. 87 бет Бейсенов Қ) Музыка саласынада аса қызығып, өлең жолдарына да көңіл бөлген. Әрине әрқайсымыздын ол кісі секілді музыка әлеміне деген көзқарасымыз әр алауан және түсінбеуіміз әбден мүмкін. «Музыка туралы үлкен кітабы» музыка жөнінде трактаттар қалдырған. Есіме Абай атам оралды: Ол. . Бақырғанның бәрі әнші емес, өнерден қалу сән емес, надандар жан емес, еңбексіз бос жүру жөн емес. Ой түйер дүниелері көп үлгі көрсетердей. Фараби атамыздың да қалдырған бір сөзі есіме түсті осы сәтте. «Ғылымды кәсіп, өнерді нәсіп етіп алмауы керек, әрі оны мол-дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет» «Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан, Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан? Сүйсінерлік адамды құрмет қыл, Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан. Абай сөзі. . . . Фараби атамызда ғылымға берілгенімен,өлеңгеде қызығушылығы арта түсіп:«Өлең және ұйқас туралы сөз»,«Поэзия»,«Өлең ырғағы туралы»біраз еңбектерін қалдырып кетеді. Зерттеген дүниелері көп және дүниеге деген көзқарасы мүлдем бөлек болған. P. S Бұл мақала әрине көп ізденісті және шыдамдылықты талап етті. Қауіпті індет кезінде үйде жазған дүниемді «Ақ жол»газетіне жолдаймын. Абай атамыз айтқандай:. . . . . Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса,жазып алсын,иә оқысың,керегі жоқ десе,өз сөзім өзімдікі». Керекті дүние тапқан болсаңыз,мен әрдайым қуаныштымын.
Ақбөпе Жайлау Болашақ журналистка
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі