Корейская косметика премиум класса

Facebook 50 миллион адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауына көмектеспек

Facebook корпорациясы халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялауға көмектесу жоспарымен таныстырды.

Компанияның есептеуінше, бұл жаңа стратегия шамамен 50 миллион адамға вакцина егуге көмектеседі. Жаңа стратегия бойынша  WhatsApp - тағы коронавирус жайлы чат-боттар жақсармақ.  Инстаграмдағы және Facebook-тегі бүкіл әлем бойынша вакциналар туралы талқыланған посттарда енді екпенің қауіпсіздігі жайлы стикерлермен толықтырылады. Сонымен қатар вакциналардың денсаулыққа зияны туралы ақпараттармен күрес те күшейтілмек. Оған қоса Facebook жақын жердегі вакциналау пунктін көрсетіп тұратын қосымша да жасамақ. Бастапқы уақытта бұл қосымша тек АҚШ аумағында ғана қолжетімді болады. Алдағы уақытта басқа елдерге де тарату жоспарланған.

Сондай-ақ Facebook пен Instagram-да короновирус бойынша ақпараттық орталық ашылмақ. Бұл орталық желі қолданушыларына вирус туралы сенімді ақпаратты жергілікті министрліктерден және ДДҰ-нан алуға көмектеседі.

Сонымен қатар, Instagram-да «стористерге» арналған жаңа стикерлер пайда болады, бұл стикерлер халықты вакцинацияға шақыруға бағытталған.

Қания Табыс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

×