Өлең, жыр, ақындар

Facebook халық тығыздығының аса нақты картасын жасады

Маркетологты, ТЖМ жұмысшысын, әлеуметтанушыны, коммуникацияны жасаушыны және үкіметтік мекеменің қызметкерін не біріктіреді деп ойлайсыз? Олардың барлығы да белгілі бір ауданда қанша адамның тұрып жатқанын білуі керек. Facebook жаңа өнертабысын таныстырды, оның арқасында қалыпты халық санағынан бас тартып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдардың санын еш күш жұмсамай-ақ білуге болады екен.

Марк Цукерберг Facebook арқылы әлемді басқарғысы келетіндей. Олай деуге болмайды десек те, оны ақпарат таратудан да артық мүмкіндігі бар құрал еткісі келетіні белгілі. Бұл болса жасанды интеллектке және өзге де әлеуетті технологияларға тәуелді. Қазірдің өзінде зерттеу компаниялары жасап жатқан алгоритмдер өзінің алғашқы нәтижелерін беріп те жатыр. Оларды дұрыс қолдану ғана қалып отыр.

Facebook командасының бүкіл әлем бойынша тегін интернетті қосуды жоспарлап отырғаны белгілі. Жоба 2016 жылдың соңында кейбір шалғай өңірлерде бастауын алады. Бұл мақсатта компания спутник арналарын және пилотсыз ұшатын аппараттар туралы әлеуеттік зерттемелерін қолдануға үміттеніп, бірнеше келісімшарт жасасып та қойды. Бұған қажетті технологиялардың бірі – Connectivity Lab.

Facebook компаниясының жаңалығы халық тығыздығының картасын 10 метрлік дәлдікпен анықтауға бағытталған. Connectivity Lab алдын адамның түрін танып білу үшін қолданылған технологияны негіз ретінде алып отыр. Бірақ бұл жолы нейронды желі спутниктерден алынған суреттерді өңдеу үшін қолданылған. Ол ғимараттардың түрлі кескіндерін айырып тануды үйренді, сол арқылы таңқаларлық дәлдікке қол жеткізілді. Бұл жұмысқа Google Maps кадрлары ғана қажет болып шықыты.

Жаңа технология Facebook менеджментіне өз жобаларын қай аудандардан бастау және бұл мақсатта қандай әдістерді қолдану керек екенін шешуге мүмкіндік береді. Спутник провайдерлерімен қатар, компанияның тағы бір зертханасы арнайы құрастырып жатқан дрондарды қолдану жоспарланған. Мұндай карталар түрлі табиғат апаттарының салдарын жоюға да көмектесу үшін қажет екен.

2016 жылдың соңында Facebook пен Колумбия университетінің зерттеушілері бірігу арқылы ғаламшардың түгелдей суретін өңдеп шығуды жоспарлап отыр. Осыдан кейін бұл ката қалаған адамға қолжетімді болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз