Өлең, жыр, ақындар

«TopiQ» - еңбекке баулу пәніне арналған интерактивті оқыту бағдарламасы

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Жобаның авторы: Жакупова Бақытгүл Жеткербайқызы Пәні: Еңбекке баулу Сыныбы: 3-сынып Жобаның атауы: «TopiQ» - еңбекке баулу пәніне арналған интерактивті оқыту бағдарламасы Жобаның мақсаты: 3-сынып оқушыларына еңбекке баулу пәнін қызығушылықпен меңгерту үшін визуалды, интерактивті және ойын түріндегі тапсырмалармен толықтырылған авторлық оқыту бағдарламасын ұсыну. Жобаның міндеттері: - Пән бойынша тақырыптарды жинақтап, құрылымдау; - Әр тақырыпқа арналған түсіндірме және тапсырмалар дайындау; - Баланың жас ерекшелігіне сай көрнекі және қарапайым дизайн жасау; - Бағдарламада марапат жүйесін енгізу арқылы ынталандыру. Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы: «TopiQ» - бұл еңбекке баулу пәні бойынша арнайы 3-сынып оқушыларына арналған интерактивті оқыту бағдарламасы. Бағдарламада қағазбен, табиғи материалмен жұмыс істеу, құрал-саймандарды қолдану, қауіпсіздік ережелері секілді тақырыптар қамтылып, әр бөлімде тапсырмалар мен ойын элементтері енгізілген. Бағдарламаның ерекшеліктері: - Қарапайым интерфейс; - Балаларға қызықты көрнекіліктер; - Интерактивті тапсырмалар (тест, сәйкестендіру, суретпен жұмыс); - Марапат жүйесі (жұлдызша, медаль); - Мұғалім мен оқушыға ыңғайлы. Қорытынды: «TopiQ» - заманауи талапқа сай, бастауыш оқушысына тиімді әрі оңтайлы оқыту әдісі. Бұл бағдарлама оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен ойлануға үйретеді.

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз