Мотивация ма, әлде тәртіп пе — қайсысы маңызды?

Мотивация ма, әлде тәртіп пе — қайсысы маңызды?
Бұл сұрақ көп адамды ойландырады. Бірақ мен үшін тәртіп маңыздырақ. Мотивация да толықтай қажетсіз емес. Екеуінің айырмасын түсінсек, неге тәртіп жеңетінін анық көреміз.

Мотивация деген не?
Мотивация — бұл әрекетке итермелейтін ішкі немесе сыртқы күш. Мысалы, бір нәрсеге қызығу, шабыттану, мақсатқа жетуге деген құлшыныс. Бірақ мотивацияның бір кемшілігі бар — ол тұрақсыз. Бүгін бар, ертең жоқ.

Тәртіп деген не?
Тәртіп — бұл эмоцияға қарамай, жоспар бойынша әрекет ету. Яғни, көңілің болмаса да, шаршасаң да, өз ісіңді жалғастыра беру.

Неге тәртіп маңыздырақ?

Біріншіден, өмірде үлкен нәтижеге жету үшін тұрақтылық керек. Ал тұрақтылықты мотивация емес, тәртіп береді. Мысалы, спортпен айналысу немесе сабақ оқу — тек шабыт келгенде емес, күн сайын жасалғанда ғана нәтиже береді.
Екіншіден, мотивацияға сенген адам жиі тоқтап қалады. Себебі ол тек зауқы соқққанда ғана әрекет етеді. Ал тәртіпті адам үшін әрекет — әдетке айналады.
Үшіншіден, тәртіп — ерік-жігерді дамытады. Уақыт өте келе адам өз-өзіне сенімді бола бастайды, себебі ол өз сөзінде тұра алады.
Сонда мотивацияның рөлі қандай?
Мотивация — бастау үшін керек. Ол адамға алғашқы қадамды жасауға көмектеседі. Бірақ мақсатты шындыққа айналдыратын — тәртіп.

Мотивация — ұшқын, ал тәртіп — отынды ұстап тұратын күш. Егер тек мотивацияға сенсең, тез сөнесің. Ал тәртіп болса, баяу болса да, міндетті түрде алға жылжисың.
Сондықтан ең дұрыс жол — мотивациямен бастау, бірақ тәртіпті әдетке айналдыру.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз