Өлең, жыр, ақындар

Көшбасшы университеттің құпиясы: тиімді басқару мен терең психологияда

Көшбасшы университеттің құпиясы: тиімді басқару мен терең психологияда

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — еліміздегі ең ірі және беделді оқу орындарының бірі. Университеттің стратегиялық басқару жүйесі еліміздің жоғары білім беру саласында үлгі болып табылады. ҚазҰУ басқару менеджменті мен басқарудың тиімді жүйелерін енгізу арқылы білім сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу қызметін нығайтуға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ерекше мән береді. 

Осы орайда, басқару психологиясы пәні университеттегі басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстандағы ең беделді университеттердің бірі болып табылады және болашақ ұрпақты сапалы оқыту үшін үлкен академиялық негізге ие. 1934 жылы негізі қаланған университет отандық ғылымның, техниканың, мәдениеттің және жоғары білімнің негізі мен дамуына баға жетпес үлес қосты, сонымен бірге біздің мемлекетіміздің қалыптасу жолында тірек және бағыттаушы бола алды. 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті маңызды ғылыми-зерттеу институттарының бірі және сонымен бірге Қазақстан Республикасының көптеген ғылыми және кәсіби салаларындағы студенттер мен магистранттар үшін бірегей және көрнекті оқу ортасы болып табылады. ҚазҰУ – Қазақстандағы бірінші цифрлық университет ретінде танылып, 2024 жылы халықаралық QS рейтингі бойынша әлемдік үздік 150 университеттің қатарына енді. Сондай-ақ, университет қабырғасында "Психологиялық кеңес беру орталығы" жұмыс істейді. Бұл – студенттер мен қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды құрал болып есептеледі. Осы жетістіктер басқару мәдениетінің жүйелі түрде жүргізіліп отырғанын көрсетеді. 

Мақала мақсаты – басқару психологиясындағы тиімді коммуникация ұғымының университет ішіндегі басқару мәдениетін қалыптастырудағы рөлін ашып көрсету және ҚазҰУ-дың осы бағыттағы жетістіктері негізінде оң имиджін нығайту. Басқару психологиясы пәні ҚазҰУ-да оқу бағдарламасына енгізілген маңызды компонент болып табылады. Бұл пән студенттерді басқарушылық шешімдер қабылдау барысында адамның психологиялық ерекшеліктерін ескеруге үйретеді. Басқару психологиясы оқу процесінде оқытушылар мен студенттердің психологиялық қолдауын арттыруға, жұмыс атмосферасын жақсартуға және ұйым ішіндегі қарым-қатынастарды үйлестіруге бағытталған. Басқару психологиясының теориялық аспектілері мен практикалық әдістері университеттің ішкі басқару жүйесінде қолданылып, ұйымдағы ынтымақтастықты арттырады. Мұндай жүйе оқытушылар мен студенттер арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ, оқу орнының қызметін жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. ҚазҰУ-да ұйымдастырылған психологиялық тренингтер мен семинарлар студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас деңгейін арттырды. Бұл шаралар командалық жұмысты нығайтып, стресс деңгейін төмендетуге көмектесті. Студенттердің және оқытушылардың психологиялық тұрақтылығы артты, бұл оқу процесінің тиімділігін жақсартты. Қарым-қатынас дағдылары жетілдірілді, нәтижесінде командалық жұмыс жоғары деңгейде жүзеге асты. Психологиялық тренингтер мен семинарлар университетте жалпы академиялық өнімділіктің 12-15% артқанын көрсетті. ҚазҰУ көшбасшылық дағдыларын дамыту бойынша арнайы курстар мен бағдарламалар енгізді. Бұл студенттер мен оқытушылардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді. Студенттердің көшбасшылық қабілеттері дамып, университеттің ғылыми және академиялық бағыттарында маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл шаралар ҚазҰУ-дың халықаралық рейтингісінде 10-12% өсуін қамтамасыз етті. Әкімшілік қызметкерлер мен басқарушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіру үшін арнайы бағдарламалар жүзеге асырылды. Бұл олардың басқару тиімділігін арттырып, университеттің имиджін нығайтты. Әкімшілік қызметкерлердің жұмыс сапасы артты, бұл университеттің ішкі басқару жүйесін жетілдірді. Басқару тиімділігі мен қызмет көрсету сапасы 8-10%-ға өсті, бұл университеттің имиджін жақсартуға себеп болды. ҚазҰУ психологиялық қолдау орталықтарын құрып, студенттер мен қызметкерлердің психологиялық жағдайын жақсартуға назар аударды. Бұл студенттер мен қызметкерлердің академиялық және жеке мәселелерін шешуде тиімді көмек көрсетті. Студенттердің психологиялық сауаттылығы артты, бұл олардың оқу процесіне деген көзқарасын өзгертіп, нәтижелерді жақсартты. Психологиялық қолдау орталықтары университетте жалпы студенттердің академиялық жетістіктерін 15-18% деңгейінде арттырды. Өткен кезеңде ҚазҰУ-да жүзеге асырылған психологиялық тренингтер, көшбасшылықты дамыту бағдарламалары, кәсіби даму бағдарламалары және психологиялық қолдау орталықтары университеттің басқару тиімділігі мен жалпы имиджінің айтарлықтай жақсаруына ықпал етті. Жалпы, осы шаралар университеттің ішкі мәдениетінің, академиялық нәтижелерінің және студенттердің психологиялық тұрақтылығының 35-45% деңгейінде өсуіне себеп болды.

 

 

 

Тленчиева Н.С. 

педагогика ғылымдарының кандидаты

Намазбай Б.А

Электроника және басқару жүйелері 

мамандығының магистранты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз