Басшы тұлғасы басқарудың субьектісі ретінде
Қазіргі қоғамда басқару ғылымы мен психологиясы адам факторын басты зерттеу нысаны ретінде қарастырады. Бұл тұрғыда ұйымның табысты қызмет етуі, ең алдымен, басқару субъектісі ретіндегі басшы тұлғасының кәсіби және жеке қасиеттеріне тікелей байланысты. Басшы – тек басқарушылық функцияларды жүзеге асырушы ғана емес, сонымен қатар ұжымды біріктіретін, стратегиялық бағытты айқындайтын тұлға.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде басқару психологиясы мен көшбасшылық мәдениет саласында жүргізіліп жатқан зерттеулер адамның тұлғалық қасиеттерін басқару тиімділігінің негізгі факторы ретінде қарастырады. Ұжымдағы әрбір процестің табысты болуы басшының интеллектуалдық, моральдық және психологиялық әлеуетіне тәуелді.
Басқару психологиясын оқу арқылы кез келген ұйымның табысы ең алдымен оны басқарып отырған адамның жеке тұлғасына байланысты. Басшы — ұйымның жүрегі мен миы, ол барлық процестерді біріктіріп, ұжым мүшелерін ортақ мақсатқа бағыттайды. Сондықтан басшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін түсіну — тиімді басқарудың басты шарты деп білемін. Осы тұста мені қызықтырған басқарудағы басшы тұлғасы және басшы үшін маңызды қасиеттер тақырыбы бойынша апайымыз, психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жұбаназарова Назираш Сулейменовнамен көп іздену жұмыстарын жүргіздік. Яғни тақырыпқа қатысты Басарова А.Ж., Әбдіғапбарова Ұ. «Басқару психологиясы», Блейк Р., Мутон Д. «Managerial Grid: The Key to Leadership Excellence», Баймуратова Г.С. «Басқару психологиясының негіздері» және т.с.с. бірнеше еңбектер арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізілді.
Басшы тұлғасы ұйымды басқарудың негізгі субъектісіболып табылады, өйткені ол шешім қабылдайды, адамдармен қарым-қатынас орнатады және олардың іс-әрекетін үйлестіреді. Менің ойымша, жақсы басшы болу үшін адамда үш негізгі қасиет тобы болуы қажет: танымдық, эмоциялық және коммуникативтік қабілеттер.
Танымдық қасиеттер басшының ойлау, талдау және дұрыс шешім қабылдау қабілетін анықтайды. Зейінділік, есте сақтау, логикалық ойлау, қиял сияқты процестер ақпаратты өңдеуде маңызды рөл атқарады. Басшы өз саласында білімді әрі аналитикалық ойлай білсе, ұйымның дамуына нақты бағыт бере алады.
Эмоциялық қасиеттер – бұл басшының өз сезімін және басқалардың эмоциясын басқара білу қабілеті. Менің ойымша, эмоциялық тұрақтылық пен өзін-өзі ұстай білу қасиеттері басшы үшін ең маңыздысы. Себебі басқару барысында әртүрлі қиындықтар мен стресс жағдайлары жиі кездеседі. Осындай сәттерде сабырлы, әділ және ұстамды болу – нағыз көшбасшылықтың белгісі.
Коммуникативтік қасиеттер басшы мен ұжым арасындағы өзара түсіністікті қалыптастырады. Мен өз тәжірибемде байқағаным – басшы қаншалықты мейірімді, ашық және тыңдай білетін болса, ұжым соншалықты сенім артады. Тиімді коммуникация – ұжымның бірлігі мен өнімділігінің негізі.
Қорыта айтқанда, менің көзқарасым бойынша, басшы тұлғасы тек басқарушы емес, ол – бағыт беруші, қолдаушы және ұжымның үлгісі болуы тиіс. Танымдық, эмоциялық және коммуникативтік қасиеттері үйлескен басшы ғана ұйымды табысты басқара алады. Нағыз басшы – өз ісіне сенімді, адамдарды түсіне білетін және ортақ мақсатқа жетуге шабыттандыра алатын тұлға.
Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.
Сайлинова Қ.К.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы
Әділғали Д.Ә.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология факультеті,
Қазақ филологиясы мамандығының 1-курс магистранты
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі