«АШАРШЫЛЫҚ» СЦЕНАРИЙІ
Балаларға арналған сценарий
Кейіпкерлер
1-Жаңыл (16 жаста) –
2-Жадыра (15 жаста) –
3-Жібек (14 жаста) –
4-Жазира (13 жаста) –
5-Жамал (12 жаста) –
6-Ұлбосын (11 жаста) –
7-Ұлжан (9 жаста) –
Сахнада 7 бала, бір үйдің жаңа қалған жетімдері. Барлығы да қыз балалар. Әжелері жаңадан қайтыс болған. Үлкені ересектеу. Жасы 19 шамасында. Алдында ыңырсып өң мен түстің арасында жатқан кенжесі 9 жасар. Бәрі аш, жұпыны үйде, жыртық, кір киімдерімен ерсілі-қарсылы сүйретіліп жүр.
Жадыра
-Сен ұмытпа! Қасірет заманды өткен!
Қызыл қанмен сор болып далам кепкен.
Ақ табаны тілініп анам кешкен,
Тілім-тілім кеудесін қараңғы еткен.
-Ұмытуға хақың жоқ сенің мүлде
Аштық жұтқан өлімді, өмір сүр де!
Жыртық киім, жыртық тән, жыртық құрсақ,
Бидай дәнін аңсаған көңіл күнде.
Жібек
-Сонау кезде атамның жатағында
Аштық, жоқтық – айналған аты аңызға!
Әжем әлсіз, дәрменсіз, қайтыс болды,
Кетті алысқа, нәр сызбай ата қырға.
Өмір – күрес, тірліктің қатал заңы,
Бір тілім нан – халықтың батар зары.
Атың өшкір, зұлматтан көз ашылмай,
Арман болған баланың атар таңы.
Жазира:
Әкемнен де хабар жоқ, қанша болды,
Тамақ іздеп ай бұрын атқа қонды.
Сол кеткеннен не тірі, не өлігін
Біле алмай құр кеудем жасқа толды
Жеті бұрын көз жұмды асыл анам,
Он қозысын қалдырып маңыраған.
Бойда қайрат, санада қауқар да жоқ,
Жер қойнына тапсырдық, қабір анау!
Жамал:
Қалдырып кетті әжеміз бізді жастау,
Соңғы үміт, тілеуіміз – ізгі бастау.
Жүдеулі көңіліміз қалды ойсырап,
Қаңырап ошақ жанбай бос тұр астау.
Ұлбосын:
Кеше көрдім көршінің үңгір үйін,
Тірі жан жоқ қоламса күңгірт күйін.
Өткен жазда сайран сап күлген құрбым
Өліп жатыр, денелер жым-жырт дүйім.
Ұлжан:
Құдайым-ай, қайтеміз, апта асты,
Аш құрсақ, ызғар торлап арқа-басты!
Жүруге қауқар-күш те қалмай түгел,
Тулақты турап қақтап отқа жақтық.
10-шы:
Бұлдыр елес, көз алдым қарауытып,
Талып барады өзегім сана жұтып.
Бас көтерер ересектер қамданатын,
Бәрі кетті, бәрі өліп паналы құт.
Қазір тағы жылайды тамақ сұрап,
Не берейін, балапаным, қанықтырақ?
Қалған-құтқан тулақты қазанға сап,
Алдарқатып қарныңды жамап-сылап... жамап-сылап...
Баланың басынан сипап, мұңлы әуенді ыңылдап айтады.
Ұлжан :
-Әпке... әп-ке... (ыңырсып жатады). Атам қашан келеді?
Жаңыл :
-Тыныш! (көзін сұқтап, қабақ шытып сызданып) Тыныш... Келеді. Келеді.. (баланы көтеріп) Мен ас үйге барайын. Тулақтың қалғанын мына Ұлтуарға қайнатып берейін.
Жасы кішілер:
-Мен де, мен де жеймін...
Жаңыл:
-Үй, өңшең шуылдақтар! Шыдаңдар! Қазір жеп тауыса салсаңдар, ертең не күн көреміз? Шыдаңдар, жандарым. (оянған баланы жетектеп кетіп барады) Аталарың келгенше, талғажау... Шыдаңдар... Кішкентай қошақанның не құрсағы бар дейсің. Бір-екі ас қасық берейін жылытып. Шыдаңдар, жандарым, шыдаңдар...
Жаңыл мен кенжесі шығып кетеді.
Жадыра орынан тұрып:
-Шудың бойына бару керек. Онда жұрт балық аулап тірі ғап жатыр дейд. (отырып) Айтпақшы, Жібек, атам бұрындары балық аулаушы еді. Үйде ау бара емес пе ед?
Жібек:
-Иә, бар екен. Оны таптық. Жазира екеуміз балық аулаймыз деп іздегенбіз. Қораның төбесінде ескі жүндердің арасында. Солардың арасында шіріп кетіпті (жылайды). Жарамайды, іріп кеткен... (жылайды)
Ұлбосын:
-Қарным ашты. Атам қашан келед?
Жамал:
-Ұлбосын, ата келмейд. Ол далада өліп қалды, білемісің өліп қалды!
Ұлбосын:
-Әкем де өліп қалды ма?
Кішкентайлар жылайды.
Жадыра орнынан тұрып, үш кішкентай сіңлілерін құшақтап:
-Болды жыламаңдар. Күш-қуаттарың кетіп қалады. Шыдаңдар. Қазір түс те болып қалды. Жібек, қазан-ошаққа отын жинап әкелейік.
Екеуі шығып кетеді.
Жамал:
-Жазира, біз өлеміз бе?
Жазира (шошып кетіп, басын көтеріп алып):
-Жоқ! Жамал, мен өлгім келмейді! Мен... мен... өлмеймін. (орнынан тұрып) Сен де, сен де, сен де, ана әпкелерім де... өлуге құқықтарың жоқ! (Жамалдың отырып, жағасынан ұстап)
Түсінемісің! Біз... біз... өлмейміз... (құшақтап) Әкем келеді... әкем келеді... Ет асады, ант ұрған аштықтан құтыламыз! Иә, құтыламыз! Қазы-қарта жейміз.. Иә, иә (көзі жайнап), көресің.. әне... әне келе жатыр... міне келді, келіп қалды...
Жамал (шапалақпен бетінен салып ұрып):
-Есіңді жи, Жазира! Әкеміз жоқ! Келсе ендігі жетер еді. Жоқ, жоқ дедім ғой... Жынды... есіңді жи (солқылдап жылайды)
Жазира:
Мен... мен... әкеме кеттім... (айғайлап) Ә-ке! Мен бара жатырмын... Ә-ке...
Жамал, Ұлжан екеуі үрпиісіп, бір-бірін құшақтайды
Ұлжан:
-Әпке, есіңді жиші. Жыламашы, айтты ғой, «күшің кетсе өлесің» деп, қазір әпкелеріміз тамақ жасап әкеледі. Иә, қазір тамақ ішеміз, есімізді жинаймыз.
Жамал:
-Сосын әкем келеді, иә. Ұлжан, бізге көөөөп, ет әкеледі. Өте көөп ет.
Ұлжан:
- Алақай, алақай! Мен ет жеймін! Әкем ет әкеледі. Алақай! Алақай!
Жамал:
- Алақай! Алақай! Әкеміз ет әкелді!
Екеуі орнынан тұрып, айнала жүгіріп:
- Бәріміз ет жейміз! Қарнымыз тояды, ашқаны қояды. Алақай! Алақай!
Екеуі сахнадан бір-бірін қаумалап «алақайлап» шығып кетеді.
Сахнада Жаңыл кішкентай Ұлтуарды алдына алып, ыңылдап мұңлы әуен айтып отыр. Күрсініп қояды
Жаңыл:
-Құдайым-ай! Шиеттей балаларды қинайтындай біз не жаздық! Айтшы, мылқау Құдай! Жұпыны үйде ауызға басар тамақ жоқ. Әбден шаршадым...
Ұлтуар:
-Әпке, тамақ, тамақ (сыбырлап айтады)
Жаңыл
-Жаным, қазір, қазір. Әпкелерің Жадыра, Жібек, Жазира кетті. Қазір, ботам, қазір әкеледі.
Жаңыл орнынан тұрып:
-Бүгін екі апта өтті. Бәрі аш, жалаңаш. Жаурадық. Қақаған қыс та түбімізге жететін болды. Әкем екі ай бұрын жалғыз атқа мініп, бізге тамақ табам деп кеткен. Атам да кеткелі біраз болды. Екеуі де (жылайды)... екеуі де өліп қалған шығар. (үнсіз тұрып, батылданып) Мына сұм аштық төңіректегі туған-туыс, көрші-қолаңның бәрін жалмады. (қабағын қатуланып) Бірақ, бірақ «жыртық үйдің де Құдайы бар»! Мен қайтсем де соңымнан ерген бауырларымды аман алып қалам. (жоғары қарап) Естимісің, қу Құдай! Сен бізді өлтіре алмайсың! (тізерлеп) О, Тәңірім! Жалбарынам сенен... жалынам... маған күш-қуат бере гөр! Менің бауырларымды қорғай гөр... (орнынан тұрып) Естимісің, Жаратқан ием! Бір ғана өтінішім, менің бауырларыма тиіспе!
(Жерге сылқ етіп құлайды)
Басын көтеріп:
-Бұрын отбасымыз бай еді, бақытты ек. (тізерлеп отырып, қолын жайып) Қайда енді соның бәрі!?? (қолын тізесіне қойып) Тартып алды қызылдар. Комиссар нөкерлерімен кеп, қорадағы малдың бәрін айдап әкетті. Атам жалғыз атын жасырып, ап қалған болатын. Оны да көп көріп, қамбадағы малдың жеміне шейін сыпырып әкетті. Атамды «бай-құлақ» деп сабап, әкемді «итжеккенге айдатам, көзіңді шірітем» деп, қоқан-лоққы жасап, күн көрсетпеді. Тәңірім-ау, он екіде бір гүлім ашылмай жатып, көрсеткенің осы азап па еді? Кіп-кішкентай мына балапанның жазығы не? Осыншама сынағыңды батыратындай біз не жаздық саған!!?
Күннің көзі қырауда. Тамақ іздеп, басым ауған жаққа кетсем, мыналардың күндері не болмақ? Қайтем? Не істейм?
(талықсып жерге құлап жатып қалады)
Ұлтуар:
-Әпке, тамақ... Қарным ашты... Әпке (ыңырсып жатады)
Сахнаға Жадыра бастаған бауырлар кіреді. Көңілді. Қолдарында балықтар ілінген сырық.
Жібек:
-Мәә, Жадыра, нағашы ағам балықшы болғаны қандай жақсы болды, ия!
Жадыра:
-Иә, бауырларым, енді өлместің күнін көреміз.
Жазира:
-Көкеміз бізді жақын күндері «алып кетем» деп айтты ғой. Мына балықтар ол келгенше жете ме?
Жамал:
-«Жеткізіңдер» деді ғой.
Жадыра:
-Жеткіземіз, жетеді. Бүгінге дейін тулақ кеміріп жеттік қой.
Ұлжан шыңғырып жібереді:
-Әпкеее! Өліп қапты...
Бәрі үрпиісіп, Жаңыл мен Ұлтуардың жанына келеді.
Жадыра:
-Әпкешім, жаным... Көзіңді ашшы. Тамақ әкелдік. Қазір ыстық көже ішіп әлденесің.
Ұлбала:
-Жаңыл әпке, енді біз өлмейміз, нағашы ағам балық әкеп берді. Бізді алып кетеді өзіне.
Жадыра:
-Қыздар! Жібек, Жазира, Жамал, қазан-ошақты жағыңдар! Бол тездетіңдер! Жаңылдың күші қайтып барады. Ыстық майлы сорпа берейік.
Сахнада Жадыра, Жаңыл және Ұлғаным қалады
Жаңыл:
-Жалдыы-ра! (ыңырсып) Мен алда-жалда жүріп кетсем, балаларға бас-көз бол...
Жадыра:
-Жоқ, әкпешім. Сені ешқайда жібермеймін. Біздің азапты күніміз бітті. Біз Жетім көлге бара жатқанда, жолда нағашы көкем Қырымбек жолықты. Қолында балығы бар, астында ерттелген атымен. Екі күннен кейін кеп, бізді өзіне көшіріп әкетеді.
Ұлбосын:
-Бәрін сұрады. Сенің хал-жағдайыңды білді. «Шыдаңдар» деді. «Өзім келіп, көшіріп аламын» деді.
Жадыра:
-Ұлтуарға тамақ беріңдер. Аш-құрсақ ішінде тамағы жоқ. Ыстық ас ішпегелі қашан...
Жібек келеді:
-Қыздар! Жадыра, Жаңыл! Нағашы ағамыз да келді.
Жадыра:
-Нағашы аға?
Ұлбосын:
-Иә, өзі жарты жолдан қайтып кепті. Ерттеулі шанасы бар. Бәріміз сыямыз. Бізді алып кетеді.
Жаңылды сүйемелдеп, барлығы тұрады.
Жаңыл:
-Мені де еститін Құдайым бар екен. Бауырларым, енді бізді жаңа өмір күтіп тұр. Өлімнен кейінгі өмір. Жүріңдер
Барлығы сахнадан шығып кетеді
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі