Өлең, жыр, ақындар

«Алтын глобус» қызыл кілеміндегі Аянат Есмағамбетова

     Қазақстанда соңғы 5 жылда жеткен жетістіктер тайға таңба басқандай жазылып келеді.Жетелейтін жетістіктері таусылмайтын қазақстандық жастарымыздың арасынан жақында ғана тағы бір аруымыздың шоқ жұлдызы жанып,керемет жаңалығымен бөлісті.

                                                         

11 қаңтар күні Лос-Анджелесте 2026 жылдың алғашқы ірі марапаты-83-ші «Алтын глобус» салтанатты рәсімі өтті.Қызыл кілемдегі ең әсерлі киім үлгісінің бірі-қазақстандық актриса Аянат Есмағамбетовада болды. Кілемде Аянат ақ жейде,көк белдік,әсерлі бас киіммен толықтырылған көпқабатты қызыл көйлек киіп шықты.Бұл образ-АҚШ-тың 250 жылдығына арнап түсірілген «Леди Америка» фильмінен алынған.2025 жылдың соңына қарай түсірілімді аяқтап,фильмде Аянат басты әйел рөлі-мейірімділік пен зұлымдық арасындағы соғыста Американы біріктірушіні сомдайды.

Сонымен қатар,актриса ғана емес киім үлгісіне өзі дизайнер болған.Себебі,естеріңізге салсақ,Аянат Есмағамбетова-әйгілі қазақ-америкалық актриса,дизайнер,кәсіпкер және гуманитарлық салада белсенді.Жасөспірім кезінен бастап «Ulzhan» (2007) драмасында басты рөлдердің бірін сомдап,актриса ретінде әлемге «Көшпенділер» (2005) фильміндегі Гауһар рөлімен әйгілі болды.Қазіргі таңда отбасымен АҚШ-та тұрады және әйелдер мен жалғызбасты аналарға қолдау көрсету мақсатында «U.S.Kazakh Women’s Alliance» атты қайырылымдылық ұйымы мен өз сән агенттігі:Ayanat Talent Net (ANT) бар.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Махфуза Еркінқызы​


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз