Қазіргі таңда медицина ғылымы қарқынды даму үстінде. Адам ағзасын зерттеу мен ауруларды ерте анықтау үшін түрлі технологиялар мен жаңа тәсілдер қолданысқа енуде. Солардың бірі – биоакустикалық резонанс. Бұл – қазіргі заманғы медициналық диагностикада жаңа, әлі толық зерттелмеген, бірақ болашағы зор бағыттардың бірі. Адам ағзасындағы әрбір орган мен жасуша белгілі бір жиілікте тербеліп тұрады. Осы тербелістер – ағзаның биоакустикалық сигналдары болып саналады. Денсаулықта ақау пайда болған кезде, бұл сигналдар да өзгереді. Осы қағидаға негізделе отырып, ауруларды инвазивті емес әдіспен анықтауға болады.
Биоакустикалық резонанс әдісі ағзадағы әртүрлі ұлпалар мен мүшелердің өзіне тән дыбыс жиіліктерін анықтап, оларда қандай да бір ауытқу бар екенін көрсетеді. Яғни, бұл әдіс адам ағзасының “ішкі дыбыстық портретін” жасап, қалыпты күйден ауытқыған сигналдарды табуға мүмкіндік береді. Бұл – іс жүзінде қауіпсіз, ауыртпайтын және жылдам орындалатын диагностика тәсілі.
Биоакустикалық резонанстың негізгі артықшылықтарының бірі – ауруды ерте сатысында анықтай алуы. Бұл әсіресе онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесі ауруларына қатысты өте маңызды. Себебі мұндай дерттерді алғашқы кезеңдерінде анықтау – емнің сәтті өтуіне зор ықпал етеді.
Диагностиканың бұл түрі арнайы құрылғылар арқылы жүргізіледі. Адам денесіндегі дыбыс тербелістерін қабылдап, оларды өңдеп, компьютерлік базаға енгізілген қалыпты резонанстық жиіліктермен салыстырады. Осылайша, дәрігер ағзаның қай бөлігінде өзгеріс бар екенін нақты анықтай алады.
Бұл әдіс тек ауруды анықтаумен шектелмейді. Болашақта биоакустикалық резонансты емдік мақсатта да қолдануға болады. Мысалы, бұзылған тербелістерді қалпына келтіретін арнайы дыбыстық терапиялар арқылы ағзаның өзін-өзі сауықтыру процесін күшейту мүмкіндігі туындайды.Алайда, бұл әдістің қазіргі таңда кеңінен қолданылмауының себептері де бар. Ең бастысы – биоакустикалық резонанс технологиясының ғылыми негізі әлі толық зерттелмеген. Сонымен қатар, халықаралық медициналық стандарттарға енгізілмеген. Бірақ дамыған елдерде бұл бағытта түрлі зерттеулер жүргізіліп, оң нәтижелер байқалуда.
Қазақстанда бұл технология әлі күнге дейін тәжірибе жүзінде қолданылмайды. Сондықтан болашақ дәрігерлер мен зерттеушілер үшін бұл – жаңа, қызықты әрі перспективалы бағыт. Егер елімізде осы сала бойынша зерттеу жүргізілсе, медициналық диагностика сапасы артып, адамдардың өмір сүру ұзақтығы мен сапасы жоғарылайтыны сөзсіз.
Қорыта айтқанда, биоакустикалық резонанс – адам ағзасын дыбыстық деңгейде зерттеуге мүмкіндік беретін болашағы зор диагностикалық әдіс. Бұл әдістің негізінде физика мен биология тығыз байланысты. Сол себепті медицина саласына жаңа көзқарас қажет. Ғылым мен технология қатар дамыған заманда мұндай әдістерді жетілдіру – уақыт талабы.
Адам денсаулығы – ең басты құндылық. Сол себепті әрбір адам салауатты өмір салтын ұстанып, алдын ала тексеруден өтіп, жаңа диагностикалық мүмкіндіктерге ашық болуы.
С.Д. Асфендияров атындығы ҚазҰМУ-нің Биофизика және қалыпты физиология кафедрасының магистрі Абдрасилова Венера Оналбаевна
С.Д.Асфендияров атындығы ҚазҰМУ-нің Педиатрия факультетінің 1-курс студенті Ерболатқызы Лана .
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі