Өлең, жыр, ақындар

Кино-өнер немесе бизнес көзі.

Кино-өнері. Кино-өнерінің құндылығы жоғары,берер мүмкіндігі,тұщымды идеологиясы әрине табыс жағынан да жеке дүниетанымының қалыптасуына да қосатын үлесі шексіз.

Қазіргі қоғамның дерті нағыз өнерді бағаламай,нағыз өнер дегеніміз берер ойы,белгілі бір идеологиясы бар,мәдениетті,т.б принциптарды көрсетеді. Ал халықтың сұранысында мағынасы жоқ,арзан-күлкіге негізделген фильмдерді көруде. Бұл қоғам дерті. Осындай фильмдердің арқасында бәріне жеңіл асты-үстіртін,қарап нағыз өнерді бағаламайтын ұрпақтың өсуіне әкелуде. 

 

Сонымен кино өнер ме әлде жәй ғана табыс көзі ме? 

Нағыз өнер туындысынң берері мол,белгілі дір идеологияны ұстанатын,құндылықтарға негізделген,шынайылықты айшықтайтын құрал көзі. Осы өнер арқылы (театр,кино,ән,би) белгілі бір идеологияны дәріптеу қажет. 

Ал идеологияның негізгі шарты:санаға төңікеріс жасау. Көрерменді бір мақсатқа жұмылдыру. Мысалға: тіл мәселесін көтеруге,ар-намыс,адалдық пен адамдық,шынайылық,ақиқат пен әділдік деген сияқты. 

Егер де осы айтылғандардың бәрі бір арнаға тоғысатын болса,сапалы әрі мағыналы өніммен санасы биік көрерменнің саны артар еді. Саны аз,сапасы жоғары! 

Ал қазіргі статистикаға сүйенер болсақ,көрерменнің сұранысы арзан-күлкіге негізделген фильмдерге әуес екенін байқауға болады. Бұл дегеніміз жанына азық жинайтын емес уақытша проблемасын ұмыту немесе жәй ғана демалыс үшін келетіндердің саны көбеюі де.

Негізгі киногерлердің мақсаты табыс табу. Алайда,өнімге тек ақша үшін емес,оның берер ойына басты назар аудару керек секілді. Егерде соны басты назарда ұстанса,түбінде кез-келген өнімнің сапасы да жасалған еңбекте ақталары сөзсіз. Кез-келген өнер үшін талғам мен сапа маңызды.Біз жақтан кететін тағы бір кемшілік, бір проекті жоғары касса жинаса соның жалғасын түсіріп,кейде халықты жалықтырып аламыз. Бұл да бір маркетингтің құралы. Жоғары касса жинаған фильмнің орынына басқа өнімді ұсынса,жаңаша бағыт болары анық. Ал қалғанына уақытпен халық бағасын береді. 

Сөз соңында өнерді бағалайтын,көзі ашық көрермендер көп болсын. Ал киногерлерге жалпы өнер адамдарына сәттілік!  Сапалы өнім ұсынайық! 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Кино&медиа мамандығының,3 курс студенті  Исенали Жанна Абдихалыққызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз