Қазақ дүниетанымындағы бәдік айтысының мәні

Басты бет / Оқушы және студент жұмыстары / Қазақ дүниетанымындағы бәдік айтысының мәні

Қазақ дүниетанымындағы бәдік айтысының мәні — Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — Дүниетаным, шаманизм, бәдік айтыс — осы тақырыптарға байланысты.

Қазақ тарихында ислам дініне дейін қазақ халқының  сенімі шаманизмдік болса, ислам дінінен кейін де оның сарқыншақтары дәстүрмен біте қайнасып кетті.  (Мысалы, келін түскенде отқа маю тамызу (отқа табыну), аруаққа сыйыну, малдың киесі бар деп ұғу т.б.) Сонымен қатар, қазақ әдебиетінде де шаманизмнің әсері зор болды. Оған бақсы сарыны, бәдік айтыс, аруақпен сөйлесу, жылан арбау т.б. жатқыза аламыз.

С.Мұқанов «бәдік» ұғымы туралы : «Шаман дініні қолданып жүрген кезіндегі қазақ халқының  ұғымында «бәдік» - малға, адамға тиетін індет ауруының иесі - құдайы», -   деп көрсетеді. Шаман дінінде осы ауру емдеу бақсыға тапсырылады. Бақсы кейде жалғыз адамды қабылдаса, кейде жалпы көпшілікті емдеген. Бақсы халықты жинап, кешке жақын түндікті, есікті жапқызып, қобыз тартып зарлы сарынмен сарнайды екен. Мұның мақсаты аруақтарды жәрдемге шақыру болса керек. Сарнап жүріп бақсы орнынан түрегелеп, неше түрлі қимылдар жасайды. Ойына келгеннің бәрін жасап, талып қалады екен. Талып қалуының мақсатын С.Мұқанов: «бақсының ұғымынша ол кезде адам жаны (бақсы) мен тәңірінің жаны бірлеседі де, құдай аурумен алысып жеңеді, бұл алысу бақсы талықсып жатқанда болады». Бақсы есін жиса, жақсылық құдайының жамандықты жеңуі делінеді. Яғни дуализм көрініс табады (Дуализмнің арғы тегі жақсылық (Ахура Мазда) пен жамандық (Агра Маинйү) тартысы).

«Бәдік» те осы шаман дінінің салдарынан пайда болған. Шаман дінін де «көшіру» деген дәстүр бәдікте де бар. Тек мағыналық жағынан өзгерген алғашқыда  адам кеселін ғана емес, мал індетін емдеуде - өлеңмен емдеген, яғни, «ауруды қуу» терминімен сабақтасса, кейін ойындық мазмұн берген.

Бәдік төмендегідей басталады да:

Айт дегеннен айтамын-ау бәдікті,

Қара мақпал тоным бар барша әдіпті

От оттамай, су ішпей жата берсе,

Бәдік емес немене бір кәдікті.

Көш, көш, көш!... , -

деп басталады да, жігіт пен қыздың әзіл айтысына ұласады. Мысалы,

Жігіт:

Жемір бәдік дегенге, жемір бәдік,

Қу қыздардың шекесін кемір бәдік,

Семіз қыздың ішіне кіріп кетіп,

Бүйрек майын же дағы семір бәдік.

Қыз:

Бәдік кетіп барады мекесіне,

Ешкі арығын білдірмес текесіне.

Онан көшер жайыңды мен айтайын,

Бар да жабыс жігіттің шекесіне

Осы сияқты «бәдік» айтысы күлдіргі, әзіл-қалжың мәніне ұласады. Жалпы, «бәдік» айтысының нақты қай заманда туғаны белгісіз. Әр заманда мағыналық жағынан өзгеріп отырған. Қазіргі таңда да, ғаламтор желісінде пандемияға байланысты бәдіктер кездеседі.

Данат Жанатаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, доцент

Фариза Дуйсенбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  магистранты



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ дүниетанымындағы бәдік айтысының мәні деген не?

Бұл бетте Қазақ дүниетанымындағы бәдік айтысының мәні тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушы және студент жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қазақ дүниетанымындағы бәдік айтысының мәні материалы Оқушы және студент жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар Дүниетаным тақырыбындағы материалдар шаманизм тақырыбындағы материалдар бәдік айтыс тақырыбындағы материалдар farizaamantaykyzy жариялаған басқа материалдар