Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі жазылған әңгімелерде көркемдік ізденістер мен әдеби даму күрделене, жаңғыра түсті. Сол міндеттердің қатарына мифопоэтиканы жатқыза аламыз. Мифологизм мәселесі мен мифопоэтикалық композиция маңызды рөл атқарады. Ежелгі кезеңдегі мифтік таным мен ойлау сан мыңдаған жылдардан кейін көркемдік ойлауға келіп тірелді. Әңгіме жанрындағы көркемдік шындықтың , яғни реалдылықтың көрініс табуы әңгімедегі кейіпкерлер образы мен сюжеттерге негізделеді. Мифтік таным мен сана ұлттық әдебиетіиіздің қорын молайтып, сан алуан, жан-жақты көркемдік ізденістерге жол ашты. Бір сөзбен айтқанда, көркемдік тәсілдің жоғарғы деңгейдегі арнасын қалыптастырды. Мифопоэтиканы эстетикамен байланыстырып, өзіне тән сипаттамаларымен дәлелдесек болады. Әңгімеде кездесетін сарындар арқылы жіктейміз. Табиғаттың түрлі құбылыстары, Құдайдың жерді, әлемді жаратуы, әлемнің тылсым күштері мен тылсым қасиеттері жайында. Екіншіден, мифтік сарындар немесе жеке жағдаятқа негізделген образдар, бейнелерді жатқызамыз. Үшіншіден, мифологемаладың түзілуі сабы. Осы орайда «мифологема дегеніміз не?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Мифологема – ежелгі грек тілінен аударғанда «ой, себеп», «аңыз» мағынасында түсіндіріледі. Мифтік сюжеттер мен сарындарды, этюдтарды сипаттайтын термин. Мысалы, топан судың мифологемасы – сол обьекттің қалай пайда болуы, неліктен ол атауға ие болғандығы жөнінде хабар береді. Сонымен қатар, мифологема терминімін қатар «мифологиялық архетип» термиініде қатар қолданылады. Төртіншіден, әлемнің жаратылысы негізінде мифтік қалыптың сызбасының бейнеленуі. Бесіншіден, аллегориялық және символдық мәнге , маңызға ие болған мифтік образдардың ашылуы. Алтыншыдан, көркемдегіш, бейнелегіш құралдардың көрініс табуы мен мифологиялық ойлаудығ нәтижесі болып табылады. Миф пен фольклорлық шығармалардың қатынасын бір-бірімен байланыстырып зерделеу керек. Фольклорлық туынды мағыналы-мәнділігімен, ықшамдылығымен құнды. Фольклорлық дәстүр мен мифопоэтикажағы дәстүрдің ерекшелігі мен айырмашылығын белгілі бір құбылыс, қалыпты сол күйінде сақтау, өзгеріске ұшырату тұрғысынан қарастыру қажет. Қиял мен ақиқат болмыс арасындағы атқаратын қызметі аса зор. Сейіт Қасқабасов көркем шығармадағы М.Бахтин ғылымға енгізіп, қалыптастырған «Хронотоп» теориясын әңгіме жанрына да қатыстырып, сюжеттегі эпизодтар арқылы анықтайды. Бақытжан Майтанов бұл аталмыш терминді «мекеншақ» деп атайды. Көркем әдебиетте уақыт пен кеңістіктің бейнеленуін айтамыз. Әңгімеде өткен шақ пен осы шақ болып көрініп, нақты уақытты бейнелеп көрсетсе, мифопоэтикада бір-бірімен байланыстыра суреттелетінін аңғаруымызға болады. Ол үшін нақты әңгімедегі арнайы формаларға ерекше назар аударғанымыз жөн.
Әңгімедегі грамматикалық формасы, яғни өткен шақты болып жатқан оқиға мен қимыл, іс-әрекетті осы шақта суреттейді. Оқып отырған көрермен болып жатқан көріністерді дәл өзінің көз алдында болып жатқандай сезімде болады. Әңгіме жанрындағы мифопоэтикада жинақтау, шарттылық категориялары анық көрініс табады. Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі, яғни қазіргі қазақ әдебиетіндегі шығармалардағы фольклорлық дәстүр мен фифтік баяндау символикалық өрістің семантикалық мағынасын кеңейту басты назарда. Сейіт Қасқабасов әңгіме жанрындағы мифтік сарындарда автордың көріністі баяндау тәсілі де ерекше екенін айтады. Баяндау кезінде әңгіменің эстетикалық мәні мен суггестивті қасиеттерін ашады. Шығармада мифтік сарындардың көрініс табуы қауымдық өнер түрлеріне қатысты болып келетін синкреттілік құбылысы дараланып тұрады.
Профессор Сейіт Қасқабасов әңгімедегі оқиғаларға өмір берудегі еріктілік критерий бойынша рецептивті эстетика қағидаларын дұрыс ұстануымен ерекшенеді. Хронотоп мәселесі айқын әрі анық көрініс табады. Шығармадағы мифтік сарындар, культтер салыстыру, жинақтау, ажырату үдерістерінің нәтижесінде жүзеге асады. Қазіргі әдебиеттегі мифопэтика, мифологизм жайындағы пікірлер мен зерттеулер әлемдік әдебиеттану ғылымында да бой көрсетті. Ежелгі дәуірлердегі мифологиялық сана мен мифтік ойлау уақыт өте келе көркемдік реалдылық, яғни көркемдік шындықтың іргетасын қалады. Әңгімедегі мифтік сарындардың дүниеге келуі мифтік образдар мен сюжеттер қатары маңызды қызмет атқарады. Мифопоэтика қабатында этнотарихи көрініс басым екендігі мифтік сарында жазылған әңгімелер арқылы дәлелденеді. Мифтік сарында жазылған тәуелсіздік жылдарынан кейінгі жазылған әңгімелердің түпкі астарына терең үңілсек, тарихи кезеңнің реалды оқиғалары мен әлеуметтік-саяси қалпы жатқандығын аңғарамыз. Халқымыздың басынан өткен оқиғалары мен тарихи жәйттер мифтік сарындар арқылы нығая түсуде.
Псибаева Асел Ерназарқызы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің 3-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі