Оңтүстік және Солтүстік патшалықтар кезінде терістіктегі түркі тектес ұлттар қытай еліне шабуыл жасапты. Мемлекетті қорғау үшін император әрбір отбасыдан бір адам әскерге шықсын деп бұйрық береді.
Ауылда алпыс жастан асқан қарт солдат бар еді, жас кезінде бірнеше мәрте ерлігімен көзге танылған, жасы келгенде әскерден босап, бала-шағасымен тыныш өмір сүріп жатқан.
Ол шалдың Мулан есімді қызы бар еді. Ол бөлмеде тоқыма тоқып отырған кезде есікті біреудің қаққанын естіп, далаға шығады, есік алдында тұрған екі солдатты көреді де:
— Қандай шаруамен кеп тұрсыздар? — деп сұрайды. Солдаттар:
— Бұйрық бойынша келіп тұрмыз, — дейді. Мулан:
— Бірақ менің әкемнің жасы келді ғой, — дейді. Солдаттар:
— Бұл жолы жағдай ауыр, қарт солдаттар да шақырылады. Қара, мына кітапшада қарт солдаттардың есімдері бар. Егер олар соғыса алмаса, олардың ұлдары шықсын, — дейді. Мулан:
— Менің жалғыз жеті жасар інім бар, ол қалай соғысқа шығады? — дейді. Солдаттар:
— Онда әкең шығады! — деп бұйырады.
Жұрттың барлығы ол кісінің жасы тым үлкен, қалай соғысқа шығады деп таңданады. Мұлан әкесі мен анасының мұңды түрлеріне қарап, інісіне бір қарап:
— Енді бір ғана амал бар. Мен әкемнің орнына соғысқа шығуым керек, — дейді. Үйдегілері оны естіп, келіспейді. Әкесінің жаны толқып:
— Балам, сенің бізге деген махаббатыңды түсінеміз, бірақ сен — қызсың, қалай соғысасың? — деп көзіне жас алады. Мулан оларға:
— Уайымдамаңыздар! Мен ер адамның киімін киіп, інімнің есімін айтып тіркелемін де соғысқа барамын. Оның үстіне мен сізден әскери өнер үйренгенмін ғой, — дейді. Әкесі оған:
— Онда былай, екеуіміз сайысып көрейік, егер мені жеңе алсаң, онда әскерге барасың, — дейді.
Мулан әкесінің ойын түсініп, әкесімен сынасады. Қызының өнері өзінің жастық кезіндегі өнерінен асып түсетінін әкесі байқайды да, көңілі орнына түседі.
Бір күні Чжуюань әскер жайында кеңесіп отырған кезде Гуфан солдат соғыс басталғанын жариялайды. Чжуюань әскерді өзі бастап, соғыс алаңына шығады. Чжуюань қылышымен сермеп, Ту Дуйені тұтқынға ала берген кезде кенеттен бір солдат артынан келіп, атының аяғын шауып түсіреді. Атынан құлап, жау қолынан түсе бергенде Мулан бастаған бір топ әскер келіп, Мулан: «Атыңдар», — деп бұйрық береді. Чжуюань құтқарылып қалады. Ол Муланға толғана қарап: «Әскери өнерің керемет екен», — дейді.
Арада біраз жыл өтіп, Мулан шыныға түсіп, бірнеше рет қаһармандық танытады. Осындай соғыстардың бірінде Мулан жарақаттанады. Чжуюань Муланның көңілін сұрауға келеді. Ол әңгіме арасында бір қыздың Муланға үйленгісі келетінін айтады. Мулан қатты таңырқап қалады...
Бір айдан кейін Чжуюань сыйлық алып, Муланның аулына келеді. Ол жұрттан Хуа Муланның үйі қайда екенін сұрап жатқан кезде алдынан жас қыз шығады, оның дене бітімі сымбатты, көрікті еді. Сол қыздың Мулан екенін біліп, он екі жыл қасында жүрген солдаттың шын мәнінде қыз екендігіне аң-таң болады. Мулан барлығын түсіндіріп береді. Чжуюань оған: «Сен — шынымен ерекше қаһарман әйелсің», — дейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі