Ежелгі дәуірдегі қазақ халқының мәдени мұраларының бір түрі – халық ауыз әдебиеті. Жалпы алғанда қай елдің болмасын көркем әдебиеті-халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ал біздің халқымыздың тіл байлығы өте жоғары сатыда болғандықтан, ауыз әдебиеті жақсы деңгейде дамыған.
Қазақ тілінің аңыз-әңгімелері, мақал-мәтелдері, ертегілері және т.б. атам заманнан бері келе жатқан ауыз әдебиеті болып табылады. Менің әр уақыт сайын таң қалатыным – соншама ғасырларды бастан кешіріп, неше түрлі өзгеріске ұшыраса да, түпкі мағынасы, тәрбиелілік мәні өзгермей, бүгінгі күнге дейін сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мирасымыз, қазынамыз болып келеді.
“Халық ауыз әдебиетінің бізге тигізер пайдасы қандай?”-десеңіз: оның ең басты құндылығы – халықтың салт-дәстүрін, өмір салтын сақтап, сипаттап, оны келесі ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізу.Сонымен қатар біз көркем әдебиетті оқи тұра сөз байлығымыз ұлғаяды, патроиоттық сезіміміз оянып, рухани байимыз. Біздің ішкі жан-дүниеміз ләззаттанып, өте құнды “азық” алады. Сана-сезіміміз ұшталып, өзіміз үшін өте қажетті тақырыптарды танимыз, біз үшін жаңа авторлармен танысып, көптеген ақпарат аламыз. Халық ауыз әдебиетінің әр саласы адамға өзіндік тәрбиелілік мән-мағынасын ұғындырады.
Соның ішінде мен үшін маңызы өте зор халық ауыз әдебиетінің бір саласы – ертегілер. Ертегі – ауыз әдебиетінің негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Қарапайым тілмен айтқанда, ертегі – арман-қиялдан туған қызықты көркем шығарма. Ертегілерді нәрестеге бесікте жатқан кезінен бастап айтады. Өсе келе бала ертегілердің мағынасын түсініп, өзіндік армандары мен өзіндік қиялдары пайда болады. Менің ойымша, бұл өте маңызды кезең. Себебі әженің, ананың аузынан шыққан әр ертегінің өзіндік тәрбиелілік мәні бар. Балаға кіші кезден бастап дұрыс бағдар беру – аңыз-ертегілердің түп қызметі болып келеді. Бұл бағдар баланың түйсігіне қонып, болашақта өз қалауын білетін, саналы, тәрбиелі азамат болатынына кәміл сенемін.
Бұл тақырып бойынша тағы қозғағым келетін бір мәселе бар. Бұрмаланған тарихтың кесірінен көптеген елдер қазақ халқын сауатсыз, жабайыланған халық ретінде көреді. Мен осындай ақпараттарды естіген сайын халқым үшін жаным ашиды. Себебі біздің қазақ халқы ешкім хат танып білмеген күнде түрлі деректер жазып, хат танып, сауат ашқан. Мұның бірден бір дәлелі – қазіргі таңда сіз бен біз оқып, зерттеп жатқан өте ауқымды халық ауыз әдебиеті.
Бізге берілген асыл мұраның құндылығын жоғалтпай, келешек ұрпақтын қамын ойлау мақсатында халық ауыз әдебиетінің мәнін, қажеттілігін асқақтатайық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі