Өлең, жыр, ақындар

Білім беру ісінің көшбасшысы, ұлы ағартушы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8-сәуір күні Тарих факультетінің ұйымдастыруымен ұлы ғалым, ағартушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған, «Білім беру ісінің көшбасшысы, ұлы ағартушы» атты онлайн форматта дөңгелек үстел өтті. Ісшараға Тарих, тарих және география мамандығының магистранттары мен «Ника» студенттік ғылыми клубының мүшелері қатысты.

Дөнгелек үстелде ең алдымен Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық жолын, онын жәдидшілдікке қосқан үлесі мен ұлттық модернизацияны көтеру жолындағы атқарған еңбегі туралы арнайы дайындалған магистранттардың баяндамалары оқылды. Ағартушыны қазақ қоғамы мен тарихында педагогика саласының негізін қалаушы ретінде танимыз. Ол ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашып , одан әрі училищелер мен  кітапханалар ашуға дейін еңбек еткен ұлы тұлға. Өз мектептерінде бірінші орынға методиканы қойса, екіншіде балаларға жастайынан берілетін дұрыс тәлім-тәрбие болды. Білім беру саласында жаңа методикалар мен жаңа бағыттарды қалыптастырды.

Дөңгелек үстел барысында магистранттар жоғарыда айтылған мәселелер бойынша өз пікілерін айтып , дискуссия құрды. Қазіргі таңда, Ы. Алтынсариннің тек қана педагогика саласында ғана емес, дін саласында да айтарлықтай орын алатынын бірі білсе, бірі біле бермейді. Сонау патша үкіметі кезеңінде аттейст ғалымдардың айтуы бойынша христиан миссионері деп жала жабылып , қара халық көңіліне күмән ұялатқан болатын. Алайда Ыбырай атамыздың ислам дінін ұстанушы нағыз мұсылман екеніне айғақтар жетерлік. Олардың қатарында Н.Илминьскийге жолданған хаттар мен ағартушының еңбектерін зерттеген тәуелсіздіктен бергі кейінгі ғалымдар келтірген зерттеулер дәлел. Қазақ қыздарына арнап ашқан Ырғыздағы мектебі де сол заманның мұсылман әлеміне жат нәрсе деп түйген қарапайым халықтың көзін ашу мақсатында еді. Сондықтан да осылай негізсіз келтірілген ойлар мен айтылған пікірлерге өсіп келе жатқан жастарымыз еріп кетпеуі қажет.

Сөз соңын т.ғ.к, доцент Қартабаева Ерке Тамабекқызы алып, Ыбырай Алтынсариннің ешкімнің нұсқауынсыз өз халқының қамын жеп, барынша қоғамдағы сауатсыздықты жоюды қалағанын, әр қазақ баласының бойына патриотизмді сіңдіріп, отаншылдыққа және ислами тәрбиеге баулығанын, сонымен қатар қазақ интеллигенциясының пайда болуына бірден-бір үлес қосқандығын, ұлттық тәрбие берудің бастамашысы екенді туралы айтып, дискуссияны қорытындылады.

Кең-байтақ далаға алғаш болып білім қоңырауын шалған, ұлты үшін аянбай еңбек етіп, қазақ балаларын біліммен сусындатқан, қоғамның ұлы қайраткерін мемлекеттік денгейде ұлықтап, дәріптеп өтеріміз нақ ақиқат.

А.Н. Әбдіназар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс магистранты, Тарих факультеті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер