Әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі - мамандық таңдау. Бұл - болашақ өміріңнің бағытын айқындайтын, өз қабілетің мен қызығушылығыңа сай келетін істі табу. Бірақ кей жастар өз қалауын емес, ата-анасының таңдауымен немесе «Грант қайда болды - сол жаққа түсе салдым» деген оймен бөлісіп жатады.Алайда, өзімді айта кететін болсам, мен бала кезімнен журналистика саласына ерекше қызығушылық таныттым. Уақыт өте келе бұл қызығушылық менің өмірлік мақсатым мен арманыма айналды. Шындығына келер болсам, бұл сала мен үшін бір бөлек әлем секілді көрінетін. Әрине, ондай сәтте жанымды жегідей жеген сан алуан ойлар келе бастады. Соның ішінде: «Менің қолымнан келмесе ше? Камераға сөйлеп, қарауға ұяламын ғой» деген басты қорқыныштарым болды. Бірақ оған қарамастан қорқынышымды жеңіп, 8-сыныптан бастап сахнаға шығып, өз ойымды еркін жеткізе алатынымды, айналамдағылардан қысылмайтынымды түсіндім. Ең алғаш мұны байқаған - география пәнінің мұғалімі еді. Сол сәттен бастап ол кісі мені алғаш рет «Алаш» дебат клубына команда мүшесі ретінде сайлады. Одан бөлек, менің журналистика саласына деген махаббатымды оятқан - Бейсен Құранбек, Гүлнәз Әлімгерей, Әлия Әшім және Нұртілеу Иманғалиұлы еді. Олар Qazaqstan ұлттық арнасында тележүргізуші, журналист болып жұмыс жасаған. Нұртілеу Иманғалиұлы - «Таңшолпан» бағдарламасының авторы, бас редактор, саяси шолушы әрі тележурналист. Бұл саланы мен саналы түрде өз еркіммен таңдадым. Ақпараттың ортасында жүріп, сұхбат алғанды, шынайы оқиғаларды жеткізуді жан - тәніммен қалаймын. Жанымдағылардың көбі: «Нағыз журналист болу сенікі емес, ол үшін танымал болу керек», - деп жатады. Мен ондай әңгімелерге құлақ аспаймын, себебі арманым да, мақсатым да - өз қолымда.Көптеген журналистердің ұмтылысы мен осы салаға деген көзқарасы маған үлкен ынта мен шабыт береді. Сол арқылы менің алға жылжуға деген сенімім арта түседі. Бәсеке бар жерде - өсу бар. Өсу бар жерде - нәтиже бар. Бұл мамандықтың өзіндік қиындықтары бар, ал сол қиындықтармен күресу - менің міндетім. Мен алған бетімнен қайтпаймын. Егер өмірімде екінші рет таңдау берілсе, ойланбастан журналистика саласын қайта таңдар едім.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі