Соңғы қоңырау — әр оқушының жүрегінде ерекше сақталатын күн. Бұл күн тек мектеппен қоштасу емес, балалықтың бір бөлігімен, кіршіксіз кезеңмен, естеліктерге толы он бір жылдың аяқталуымен байланысты болатын үлкен мерекенің түрі .
Менің соңғы қоңырауым сол күндердің ішіндегі ең әсерлісі болды. Таңертең мектеп ауласына кірген сәттен-ақ бәрі басқа сезілді: мектеп бұрынғыдан да жарық, мұғалімдердің жүздері мейірімге толы, сыныптастардың күлкісі көңілге жылы. Әр қадамым мені өткен күндерге қайта апарғандай — алғаш партаға отырған сәт, алғашқы достар, алғашқы баға, алғашқы жеңістер мен қателіктер бәрі бәрі есімде…
Сол күні біз — он бірінші сынып түлектері — мектеп ауласына ерекше көңіл-күймен шықтық. Бір жағынан қуаныш: үлкен өмірге қадам басайын деп тұрмыз. Екінші жағынан қимастық: бізді өсірген, әр таңды біліммен қарсы алуға үйреткен мектеп енді артта қалғалы тұр.
Соңғы қоңыраудың сыңғыры естілген сәтте жүрегім ерекше шымырлады. Бұл — менің балалық шағымның жабылған кітабы сияқты болды. Әр дыбыс, әр сөз, әр көзқарас — бәрі ұзақ жылдық еңбектің, достықтың, мұғалімдеріміздің төккен тері мен қамқорлығының символындай сезілді.
Сол күні біз алдағы өмірге уәде бердік, армандарымыздан бас тартпауға, ұстаздарымыз үйреткенді ұмытпауға, өз жолымызды батыл таңдауға. Мектеп бізді көп нәрсеге үйретті — тек білім ғана емес, адам болуды, құрметтеуді, еңбектенуді, достықты бағалауды.Тіпті үлкен қалаға оқуға түскен кездегі қиыншылықтардың қандай болатыны туралы да ескертті .
«Менің соңғы қоңырауым» — менің жүрегімде мәңгі қалады. Ол менің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамым болды. Уақыт өте бәрі өзгеруі мүмкін, бірақ сол күннің сезімі, сол күннің жылуы ешқашан жоғалмайды.
Ал ол күн ешқашан қайта оралмайды. Тек естеліктермен керемет сәттерді еске алу арқылы қайта оралғандай болады…
Менің мәңгі жадымда қалатын алтын мектебім мен сыныптастарым.. 11ә
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі