Қазіргі қоғамда білім мен тәрбие адамның өмірінде ерекше орын алады.Білім адамға ақыл-ой мен қабілет берсе,тәрбие оның адамгершілігін,мінезін қалыптастырады.Сондықтан нағыз тұлға болып қалыптасу үшін білім де,тәрбие де қатар жүру керек.Білім мен тәрбие-адам бойында екеуіде болуы керек.Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты болып,адамның жан-жақты дамуына әсер етеді.
Білім-адамның ойын,санасын кеңейтетін,өмірде өз орнын табуына жол ашатын басты құрал.Білімді адам кез келген қиындықты жеңуге,дұрыс шешім қабылдауға қабілетті болады.Қоғамның дамуда тікелей білімді ұрпаққа байланысты.Білім-адамның болашағы.Қазақтар’’Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні қаріп,,-деп бекер айтпаған.Білімді адам үшін өмір түсінікті,мүмкіндігі көп болады.Білімді адам не істесе де саналы түрде әрекет етеді.Сондықтан оның болашағы ‘’жарық,, яғни болашағы айқын.
Ал білімсіз адамға өмір қиын деуге де келеді.Қазір барлығы десек те болады өз білімінің арқасында жұмыс істеп,ақша тауып,өмір сүруде.Қазіргі біздің заманымызда барлығы өз қолымызда тұр.Оқимыз,дамимыз десекте өз еркімізде.’’Ақырын жүріп,анық бас,Еңбегің кетпес далаға,,-демекші.Әр-бір алған біліміміз ешқашан далаға кетпейді.Қаншалықты еңбектеніп,білімге талпынсақ,соншалықты жемісін көреміз.Сондықтан,жас кезімізде дамуды ойлап,тек алға ұмтылуымыз қажет.
Ал тәрбие-адамның ішкі әлемін қалыптастыратын күш.Тәрбиелі адам үлкенді сыйлап,кішіні құрметтейтін өз ісіне жауапкершілікпен қарайды.Тәрбие отбасынан басталып,мектепте жалғасады.Ата-ананың әрбір сөзі мен ісі баланың бойына үлгі болып сіңеді.Тәрбиелі адам бәріне сыйлы ата-анасының еңбегін далаға кетірмейтін адам деп есептеймін.’’Бала тәрбиесі бесіктен,,.Әрине әр ата-ана баласын жаман болсын деп тәрбиелемейді.Баласы үшін барын салып,тек жақсы жаққа қарай тәрбиелейді.
Білім мен тәрбие бір-бірін толықтырып тұрады.Егер адам білімді, бірақ тәрбиесі болса,ол алған білімін дұрыс пайдалана алмауы мүмкін.Ал тәрбиелі, бірақ білімі аз адам өз мүмкіндігін толық аша алмайды.Сондықтан бұл екеуін бөліп қарауға болмайды.
Қорытындылай келе,білім мен тәрбие-жарқын болашақтың негізі.Әрбір ата-ана мен ұстаз жас ұрпақ білім беріп қана қоймай адамгершілікке тәрбиелеуге де мән беру керек.Сонда ғана елге пайдасы тиетін саналы мәдениетті азамат өсіріп шығарады.
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі