1928 жылы партия ұйымы мен жазушылар ұйымы «Жыл құсы» журналын «Жаңа Әдебиет» деп өзгертіп шығарды. Бүгінгі «Жұлдыз» журналының тарихы міне осыдан бастау алған. «Әдебиет майданы», «Әдебиет және искусство» деген атпен шығып тұрған кезеңдері де болды. Сол жылдары «Оқырман жырлары», «Әдеби мұра», «Әлем әдебиетінен», «Очерк және публицистика», «Әдеби сын», «Алтыншы дәптер», «Редакциға хат», «Күлмегенде қайтеміз», «Сеніңіз,сенбеңіз» деген бөлімдерімен шығып тұрды.
«Жұлдыз»журналы бүгінде«Поэзия»,«Проза»,«Сырсандық», «Жас толқын», «Түрік дүниесі», «Сөз сәулесі» сынды айдарлардан тұрады. «Сөз сәулесі» айдарында Абайдың қара сөздері берілген. Сондай-ақ, Тұрсын Жұртбай деген автордың «БІЛМЕЙ МҰНЫ ЖАЗҒАН ЖОҚ…» деген мақаласында Абай өлеңдерінің көшірмерлеріне мәтіндік талдау жасалған. Журнал «Әдебиет майданы» деген атпен шығып тұрғанда кезеңде де Абай Құнанбайұлының еңбектеріне ғылыми ,сын мақалалар жазылған.
Журналда Нәркес Байғабылова атты атвордың «Қаламынан нұр тамған» деген мақаласы жарық көрген. Автор Мұхтар Мағауиннің еңбегіне тоқтала отырып, оның түп негізгі мәнін талдайды. «Карлагтан хат» деген шығармасына ерекше тоқталады. «Карлаг»-қазақтың қасіреті. Дегенмен бұндай ауыр кезеңдердің өзі қазақтың рухын сындыра алмағанын баяндайды.
Мұхтар Мағауиннің көркем шығармаларын Қазақстан картасына ұқсататынын айтады. Онда не бар десек міне соның бәрі де Мағауиннің еңбектерінде кездеседі дейді. Мағауиннің кез келген шығармасы да ұлттық рухты баяндайды, халқымыз басынан кешкен ауыр кесапаттардың барлығын дерлік суреттеп жазады делінген. Қай кезеңдегі қазақтың ұлы тұлғасы болмасын, барлығын ұлттық рух байланыстырғанын айтады.
«Адамның ой бостандығына жететін ештеңе жоқ. Оның тілін кес, сөзіне тиым сал, бірақ ой бостандығына тосқауыл қоя алмайсың. Адам түрмеде жатса да ой бостандығымен өмір сүрмек. «Карлагтан хат» осыны айтқан»,-дейді. Автор ғасырлар мен жылдардың ыстық-суығына күймейтін, тозбайтын ұлы құндылық – бұл біздің ұлттық рухымыз екенін айтады. Ал,ұлттық рух –Ана тіліңде дейді.
«Жұлдыз» жураналы бүгінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің айнасы болып отыр. Жылдар бойы әдебиетіміздің алтын қорына айналған шығармалар «Жұлдыз» журналында алғаш жарияланып отырды. Әр кезеңде де шындықты жеткізіп отырды. Бүгінде нағыз жастарға білім беретін әдеби журналға айналды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі