Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл - қазақ тілі. Қазақтар өздерінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен даңқты.
С. Малов
«Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады» деп орыстың ұлы императоры II Екатерина айтып кеткендей-ақ, тағылымы мол халқымыздың тарихын ашып қарайтын болсақ, қаншама жетістікке жетіп, ел азаматтарының халқы үшін қалай күрескенін айтпай кету мүмкін емес-ті. Бірі қолына қару алып майданға шығып жатса, бірі ақпарат майданында өз ұлтына барынша көмек қолын созуға, болашағының жарқын болуына барынша тырысты. Соның бірі бұрын «Жаңа әдебиет» атанған қазіргі «Жұлдыз» журналы. Бұл журнал сонау 1928 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қолдарына қағаз бен қалам алып, елінің болашағы үшін күресуге шықты. Мойында ағартушылық парыз бен тепкіден жасырыңқырап қалған халықтың рухын ояту міндеті қатар тұрған басылымның алдынан көп кедергілер ұшырасқанымен, мойымай, елі үшін күресуінің арқасында, қазірде үздіксіз шығып отырған журналдардың қатарында.
Журнал бұрыннан көркем әдебиет және сын журналы болып шығып тұрғаныдықтан, қазірде Қазақстан жазушыларының әдеби-әлеуметтік журналы атанып отыр. Басылымының ішкі мазмұнына келер болсақ, бұрынғы кездеріндегідей осы заманның жазушыларының, журналисттерінің мақалалары, өлеңдері, әңгімелері басылып тұрады.
Журналды ең алғаш ашып қарағанда, журналисттерінің өте сауаттылығы көзіме оттай басылды. Мысалға «Жұлдыз» журналының 2021 жылғы 8 сәуір күнгі санында Жанар Әбдішованың «Өмірдің мәні…» атты кішігірім әңгімесін алайық. Мақаладан авторға журналисттердің тілдік байлық жағынан көбірек көмектескенін айқын байқауға болады. Себебі мақаланың сөздік қоры өте жоғары деңгейде. Мақаланың оқырманға өтуі автордың сөздік қорына байланысты деп бекер айтпасақ керек. Сол себепті мен бұл басылымға сөздік қоры жағынан айтар ешқандай сын-пікірім жоқ.
Журналдың атауына байланысты, журналда проза, поэзия, сыр сандық сынды әдебиетке қатысты айдарлар бар. Әр айдардан өзіңе ұнаған мақалаңды, не болмаса, түрлі өлеңдерді кездестіре аласың. Дәйекпен келтірер болсақ, «Жұлдыз» журналының 2021 жылғы 16 сәуір күнгі санында Рахым Балабиевтің «Ақсақ қыз тағдыры» атты үлкен көлемді өлеңін кездестіресің. Бұл өлең жолдары журналдың поэзия айдарынан шыққан. Тақырыбы айтып тұрғандай, қызғалдақтай, он екіде бір гүлі ашылмаған Гүлсім есімді қыздың тағдыры суреттеледі. Енді ғана 18 толған шағында оң аяғы тізеден кесіліп, балтаққа сүйеніп қалады. Өлең жолдарынан қыздың өмірге қалай өкпелі екендігі, ішіндегі ащы зары анық суреттеледі. Мысалға, 4 шумағын айта кетер болсақ:
Аларым бар өмірден, берерім жоқ,
Жігітке де, жұртқа да керегім жоқ.
Ұзақ уақыт отырып ойланамын,
«Несібемді қай жерден теремін?» деп.
Өлең өте сауатты жазылған. Шумақтарының ұқсастығы, буын саны барлығы өте көркем түрде шығарылған. Өлең жолдарын оқығанда көзіңе еріксіз ыстық жас келеді. Қазіргі уақытта жас кезінен балтаққа сүйеніп, екі аяғынан, не болмаса жанарынан айырылып жатқан жандар көп. Тек мен атап өткен дене мүшелерінен ғана емес, басқа да мүшелереінен айырылып, өмірден теперіш көріп жүр. Әрине, бұнымен өмір тоқтап қалған жоқ. Осы сәтте есіме бір Аллаһтың бір сөзі келеді. «Күмісіңді бер, мен саған алтыныңды беремін!»-деген. Бұл өлең жолдары да, соңында Гүлсімнің өзінің сүйген жанына қосылуымен аяталады. Міне, ақынның өзі өз өлеңінде көрсеткендей, өмір сынағанымен, кейіннен қолыңа өзі алтынын әкеліп береді. Өз ойымды ақиық ақын – Мұқағали Мақатаевтың «Шыда, шыда» өлеңінің үзіндісімен қорытындыласам:
...Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге...
Жалпы журналдың іші мазмұнына айтар, тағар ешбір сыным да, мінім де жоқ. Әрине, жасы 93 толған бұл журналдың мазмұны бай болары хақ! Журналдың алғашқыдан кезеңдерден-ақ негізгі міндеті қалың халық бұқарасын надандықтан құтқарып, көзін ашу, дос пен қасты таныту, әділет ісіне араластырып, шаруасын, тұрмысын түзету еді. Әлі де сол міндетті көтеріп жүр. Өз ойымды қаншама басылымдардың құрылуына ұйытқы болған, ана тілім – қазақ тілі туралы кішігірім нақыл сөзбен түйіндесем.
«Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе».
Ыбырай Алтынсарин
Әдия Сайлау Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетті
Журналистика факультеті
Баспасөз және БАҚ кафедрасы 101-топ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі