1934 жылдың 15 қаңтары – университеттің нақты құрылған күні болып белгіленді.
Университеттің тұңғыш ректоры болып ҚазССР халық ағарту комитетінің орынбасары қызметінде болған Ф.Т.Оликов тағайындалды.
Қазақ мемлекеттік университетінің аты мен мәртебесі өзгере бастады. ҚазССР Министрлер Кабинетінің № 629 Қаулысымен 1991 жылы 23 қазанында Қазақ мемлекеттік университетіне ұлы философ, энциклопедист ғалым әл-Фараби аты беріліп, 1993 жылдың 9 қаңтарындағы №1059 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулысымен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті деп аталатын болды.
Есімде, бала күнімде екі ағамда ҚазҰУ-да студент болып оқып жүрген кездері.Ол кездегі меніңде ең үлкен мақсатым-ҚазҰУ да оқу еді.Өте танымал, белсенді, абыройлы университет болғасын, жаңалықтарда да, ғаламторда да ол жайлы жиі шығады.Армандап, ақыры оқуға түстім-өкініш мүлде жоқ, белсенді орта, тәжірибелі ұстаз, сапалы білім-менің іздегенімде осы.Мұндағы ортаның 70%-ы мен секілді бала күнінен армандап, махаббатпен келіпті.Әр студентпен танысқанда өзімді көргендей боламын.Белсенді орта деп атағаным бекер емес!Шынында, дамимын, өсемін, менмін деген менмұндалаған орта ҚазҰУ да екен.ҚазҰУ саған мың алғыс, осыншама мықты ортаға мені әкеліп қойған!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таңдаудың 5 себебі:
1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отандық университеттер ұлттық рейтінгісінің көшбасшысы жəне QS халықаралық рейтінгісінде əлемнің 800 үздік университеттері арасында 220 орынды алады.
2. Университеттік кампуста заманауи оқу ғимараттары, ғылыми инфрақұрылым, кітапхана, интернет-орталық, фудкорттар, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн, «Жас ғалымдар үйі» бар. Студенттерегe ыңғайлы жатақханалардан орын беріледі.
3. 16 факультетте 86 мамандық бойынша жоғары білім (бакалавриат) алу, магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар. Оқу үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
4. Жоғары және арнайы орта білім негізінде білім алу. Оқудың түрлері: күндізгі және қашықтықтан оқыту.
5. Үздіксіз білім беру жүйесі: бейіндік мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, PhD докторантура – сәттілікке бастар жол!
У. М. Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті К.М.Әмит Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінің 1-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі