Өлең, жыр, ақындар

Жазықсыз журналисттерді жазалағаннан

Негізі осы журналисттерді «төртінші билік» өкілдері деп жатады. Дегенмен, сол төртінші билік өкілдеріне қауіп төнуін қалай түсінсек болады. Дамыған мемлекеттерде де қасақана ату, пышақтап кету фактісі өршіп тұр. Ал біздің Қазақстан да олардың алдын берер емес. Негізі билік суырып салып айтатын журналисттерге жаны қас, себебі бар құпиясын ашады деп қорқатыны анық. Бірақ қазір халықтың көзі ашық көкірегі оқу,журналист жазбаса да айтпаса да бәрін біліп отыр. Осы тақырып аясында Adamdar/CA платформасының бас редакторы, журналист Тимур Нүсімбеков Азаттыққа берген сұхбатында осы  журналисттер мен билік арасындағы кикілжің туралы өтімді сұхбат берген. Сөз арасында ел ахуалы жөнінде  «Журналистердің көбі көкейкесті әрі маңызды тақырыптар мен мәселелерді қозғамайды. Журналистердің ұзаққа созылған "карантині", оқшаулау режимі мен өзіндік цензурасына шенеуніктердің 2010 жылдардан бері тәуелсіз журналистерді ашық тұтқындап, шектеу салып, қысым көрсетіп, репрессивті заңдар қолдану арқылы ақпараттық кеңістікті қысқартуы әсер етті. Сондықтан көрермендер мен оқырмандар көп дегенде Алматы, Астана мен Шымкенттің орталығында не болып жатқанын білгенімен, елдің қалған 99 пайыз аумағындағы жағдайдан бейхабар.» - дейді.

Сөз арасында  биліктің  СССР заманынан әлі шыға алмай жүргенін айтты.

Елдегі журналисттер мен биліктің жағдайы туралы сонау 2000 жылдардың басында Герольд Карлович Бельгер (қазақстандық жазушы әрі әдебиеттанушы - ред.) бір сұхбатында "Қазақстанда ақпарат құралдары – төртінші билік емес, төртінші әйел" деп, елдегі жағдайды қарапайым жеткізіп берген екен.

Жазықсыз журналисттердің жазалануы, олардың бір қылмыс істеуі мен ақталмайды.  Көп жағдайда биліктегі шындықты ашылуы, немесе жоғары да отырған бір кісілерге журналисттің айтқанының ұнамауы. Осы сияқты қарапайым дүние журналисттерге жаза арқалауға мәжбүр етеді.

«Журналистерді қорғау жөніндегі комитеттің деректері бойынша, 2009 жылы бүкіл әлемде 136 журналист түрмеге қамалған. Бұл тізімде Рамазан Есіргепов те бар. Сондай-ақ, тағы бір қазақ журналисті мен бір жазушы түрмеде отыр.»  Бұл мәлімет 2009 жылдың 29 желтоқсанында «Азаттық» порталында жарияланған.  Одан кейін есепейтін болсақ туп тура 12 жылды өткізіп тастаймыз. Статистиканы ашар болсаңыз көз сүрінер.  

Жалпы біздің мемлекетте сотталған журналисттерге тағылған айыптарға ешқандай көзге көрінерлік дәлелдер жоқ.  Мысалы ретінде  Р. Есергепов 2009 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «мемлекеттік құпиясы бар мәліметтерді заңсыз жинау және тарату» және «қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану» баптары бойынша айып тағылған.Әйеліңің сөзінше журналистке адвокат жалдауға мүмкіндік берілмеген.

Осы сияқты оқиғалар елімізде көп тіркеледі. Жазықсыз журналисттерді жазалағаннан, Жазықты адамдарды жазалау жөн сияқты.

Тұран университеті журналистика факультеті Кенгашова Айсауле


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз