Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты ұстаз

​Ұстаз деген сәтте көз алдымызға болашаққа бағыт беруші, біліммен даналықты бір арнада тоғыстырған ұлағатты ұлы тұлға елестейді. 

Ұстаз-жас ұрпақтың рухани жетелеуші, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Қазіргі мұғалімдер өміріне түісіністік танытамын. Олар қағазбастылықтан шаршап, әр үйдің бұзығын тәртіпке саламын деп жүйкесі жіптей жұқарады. Ойнаудан жалықпайтын сәби секілді өз ісіне махаббатпен қарайтын адам қандай қиындық болса, темірдей төзімділік танытады. Сондықтан да мұғалім - мектеп жүрегі.

​Кезіндегі ғылымның негізін қалаушылардың бәрі де осы ұстаз алдында бас игендігін жасырмайды. Ал қазірше? Ұстаздың орны қаншалықты маңызды. Тәуелсіз елде тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдер мұғалімді қадірлеп оған бас иеді деп ойламаймын. Әйтседе бес саусақ бірдей демеймін, алайда демографиялық мемлекетте өмір сүріп жатқан қоғам өзінің құқығын құр жібермейді. Бұрынғы уақыттағы ата аналар «еті саған сүйегі маған» деп баласын сеніп тапсыратын, мұғалім анаңды шақырамын десе жанымыз шыр етіп қорқатын едік. Қазір керісінше мұғалім ата анадан қорқады. Ғаламтор желілерінде мұғалімін мазақ етіп жатқан әр түрлі видеолар жиі тарап кеткен. Балаларға қатты сөйлей қалсаң, жұмыстан шығасың. Бұл үшін кімге кінә тағамыз. Оқушылардың шектен шықанныма немесе ұстаз деген ұлы тұлға өз қадірін түсіріп алғаныма. Мен біздің жастарымыздың ежелгі заман философтарын үлгі алғанын қалар едім. Мұнан олар шәкірттердің ұстаздарына қандай ілтипатпен және құрметпен қарағанын көрер еді.

Саматұлы Мади


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз