«Жалын» журналы

Басты бет / Оқушы және студент жұмыстары / «Жалын» журналы

«Жалын» журналы — Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — Жалын журналы — осы тақырыптарға байланысты.

«Жалын» журналының тарихы 1969 жылдан альманах ретінде шығып тұрған кезеңнен бастау алады. Альманах сөзі араб тілінен аударғанда-әдеби шығармалардың жиынтығы деген мағынаны береді. Әрине, әдебиетіміздегі асыл мұраларымыздың осы журнал арқылы танылғанын алға тартуға болады. Қаламы қарымды, жанары жалынды ақындарымыз бен жазушыларымыз осы «Жалыннан» қанат қағып бастады  Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Жас Бауыржан», Дулат Исабековтың « Кеш туған жұлдыз», Оралхан Бөкеевтің «Іңкәр», Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Қош бол, ата» повестері «Жалында» жарық көрді. Өтебай Қанахиннің басшылығымен шыққан «Жалын» әдебиеттен өзге де тақырыптарды кеңінен жазып тұрды. «Ғылым, жаңалық, болжам» деген айдармен Тұрдақын Жексенбаевтің «Тілдің бағалы байлығы» атты ғылыми–танымдық мақаласы «Жалында» басылып шықты. Автор этнографиялық атаулар халықтың тарихымен тамырлас екенін сөз ете, әдет-ғұрыпқа қатыстыларын жіктеп жазған.

 Бүгінде Республикалық әдеби-көркем журнал болып отырған «Жалын» өзінің ерекше айдарларымен көзге түседі. «Көкейтесті», «Оқшау ой», «Бүгінгі сын», «Қаламгер дидары», «Күлдібадам», «Қилы-қилы хикаялар» деген сияқты оқырманның  назарын аудартатын айдарлары бар. «Жалын» журналының тарихында «Қазақ кәсіпкері» деген айдар да болған. 

 Қазақстан Жазушылар Одағының мешесі, белгілі журналист  Сабырбек Олжабайдыің «Жемқорлық-жегі құрт» деген мақаласы Жалынның «Көкейтесті» айдарында жарық көрген. Автор Абайдың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек...» деген өленің әрбір жолына тоқталып, Абай айтқан халде екенімізді мысылдармен суреттейді.

Мақалада:«Мәселен, жуырда Қорғаныс министрлігінің жоғары шенді генералы ұсталды. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен аталған министрліктің қызметкерлері қолға түсірген» деген сөздер кездеседі. Автор Абай айтқан сол мініміздің, жалқаулық, жемқорлықтың азаймай тұрғанын ашына жазады.

Мұхтар Шахановтың басшылығындағы «Жалын» журналының логотипі де алаулап тұрған от бейнесінде. Өзі де өткір мақалалар жариялап жүрген бірден-бір  басылым. Тарихының қойнауы тереңнен бастау алған «Жалын» бүгінгінің үлгі тұтар басылымы десек те болады.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Жалын» журналы деген не?

Бұл бетте «Жалын» журналы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушы және студент жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

«Жалын» журналы материалы Оқушы және студент жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар Жалын журналы тақырыбындағы материалдар Aiganum жариялаған басқа материалдар