Өлең, жыр, ақындар

Болашаққа жол сілтеу

Оқу құралының ең ұлылығы бала оқытатұғын кітап

Ахмет Байтұрсынұлы

... Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себепті болатын нәрсенің ең қуаттысы- тіл. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы  айтқандай, оқушының бойында қазақ тілін меңгерту арқылы  халқымыздың тілін ұлттық құндылық  ретінде бағалау. Тілді білу арқылы оқушының танымы кеңейеді, эстетикалық талғамы өсіп, сұлулық пен әсемдіктің асқақ  құдіретін түсінеді. Еліміз үшін білімнің маңызды болып табылатыны басты мәселе. Сол себепті қазіргі жастарды ең алдымен кітап оқып, оның мазмұнын түсініп, сауатты жазуға жетелеу қажет. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының  бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласында осылай делінген.

Мұғалімнің басты мақсатының бірі - оқушылардың еркін қарым-қатынас жасауға, пікірлесуге, сауатты жазуға, әсерлі сөйлеуге үйрету. Әр сабағында қазақ халқының әдебиетімен, тарихымен, ескерткіштерімен таныстыру. Қызықты тапсырмалар беру арқылы пікірін дәлелдеп айтуға, ақын жазушылардың шығармаларымен танысып, мақал-мәтел арқылы ойын түйіндеп жеткізе алатындай болуы керек. Осы мақсатқа жетудің бір жолы  ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-орыс сыныбына арналған жұмыс дәптерін ұсынамын. Оқушыға арналған жұмыс дәптерінде мәтіндер, ережелер, тірек сызбалар, нәтиже сабақ және оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс бар. Сонымен қатар жаңа бағдарламаға сай қалыптастырушы бағалау да көрсетілген. Тіл үйретуде оқушының білімінің өз өмірінде қолданыс табуына және оның шығармашылықпен қолданылуына мән беріледі. Соған орай, сөйлеу әрекетіне бірнеше тәсілдерді қолдандым. Атап айтсам: сұрақ жауап, салыстыра отырып әңгімелеу, сұхбат туралы айту, ой алмасу, қорытындылау, сипаттау, сөйлеу үшін ой өрістерін кеңейту жұмыстары бар. Ақын -жазушылардың шығармаларымен танысады. Үзінділер келтірілген. Мәтінді оқыған соң, түсініктерін  тексеруге арналған жаттығулар кездеседі. Оны  «дұрыс», «дұрыс емес», «шын», «жалған» деген сөздер арқылы белгілейді. Жұмыс дәптерінде кездесетін кейбір жұмыс үлгілерін көрсетіп кетейін. Тақырыбы: «Сүйікті жазушы»

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақ құрастыр.

3-тапсырма. Берілген синонимдерді қатыстырып, сөйлем   құрастыр.  Қауым-көпшілік; танымал-таныс; қаламгер-жазушы; ерекше-айрықша, өзгеше

4-тапсырма. Балалардың сүйікті жыршысы - Мұзафар Әлімбай туралы қысқаша мазмұнын айт. Сызбаны толтыр.

Мұзафар Әлімбаев

Ақын...

Мәдениет...

Балалар...

Мемлекеттік...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-тапсырма. Балалардың сүйікті жазушысы – Бердібек Соқпақбаев туралы қысқаша мазмұнын айт. Сызбаны толтыр.

Бердібек Соқпақбаев

Туған жылы

Балалық шағы

Тұңғыш жинағы

Шығармалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баға

 

 

 

Осындай жұмыс түрлері арқылы әр оқушының танымы кеңейеді, талғамы өсіп, қазақ тілінің сұлулығы мен әсемдігінің құдіретін түсінеді. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін шынайы өмірілік қажеттіліктерге асырады деп түсінемін. Менің ұсынылып отырған «Жұмыс дәптерім» жалпы орта білім беретін мектептің 5-орыс сыныбына арналған көмекші құралы. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, шығармашылық тапсырмалар мен сыни тұрғыдан ойлау жобасының элементтері қолданылды.

Қорытындылай келе, қазіргі талапқа сай жаңа озық әдістерді пайдалана отырып, көркем сауаттылығымызды дамыта беруімізкерек. Қажымай, талмай еңбек етудің арқасында үлкен биіктерден көріне берейік!

Актайлакова Дарига Гылымбековна
№65 мектеп-гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз