әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Нұратай Айгуль Асхатқызы
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов этнограф, тарихшы, шығыстанушы, зерттеуші, қазақ фольклор өнерін жинастырушы ғалым.
Өз кезеңінде ол бірқатар орыс ғалымдарының оң бағасына ие болып, тарих ғылымына ғана емес, барлық ғылымдарда өзіндік орынға ие болды. ХІХ ғасырдың қазақ, қырғыз тарихына байланысты этнографиялық деректер, суреттер, сол ауданның табиғаты жөнінде көптеген мәліметтерді бере алды. Ол қазіргі Қазақстанның барлық аудандарына саяхаттап, Алаша хан мазары, Аяққамыр кесенісі туралы жазды.
1856-1857 жылдар аралығында ол "Қырғыздар туралы жазбалар", "Қазақ шежіресі" атты мақалалар мен еңбектер жазды. Аталған жазбаларда Батыс Сібір, Орта Азия, Қазақстан халықтарының тарихы жайлы мәліметтер, қазақ халқының тарихи аңыз-әңгімелері, рулық аумақтарда қоныстанған тайпалар, экономикалық және әлеуметтік жағдай, мәдениет пен салт-дәстүр туралы көптеген ерекше мағлұматтар берілген.
Шоқан Уалиханов тарихи еңбектер жазу барысында көптеген кестелер, карталар, өз көзімен көрген жолаушыларды, қазақтар мен қырғыздардың суретін салып отырған. 1860 жылға қарай Шоқан Уалиханов көп мөлшерде тарихи және этнографиялық мақалалар, дін мен деректанулық талдамалар туралы мақалалар, жазбалар, генеологиялық кестелер, тарихи сәулет ескерткіштері туралы суреттеулер жазып отырды.
Ғалым қазақ тарихы туралы құнды ақпарат беретін "Тарих-и Рашиди", "Низам-ут-Таварих" атты еңбектермен жұмыс жасап, қызығушылық танытты. Аталған деректерге өзіндік түсінік беруге тырысты.
Шоқан Уалиханов қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін айқындауда өте көп еңбек етті. Ол Қазақстанда және басқа Орта Азиялық мемлекеттердегі Ислам дінінің таралуы мен дамуына байланысты зерттеулер жүргізді. Ол мәселелер "Дала мұсылмандығы туралы", "Қырғыздардағы шамандық қалдықтары", "Еділ бұлғарлары" атты мақалаларында көрініс тапты.
Шыныменде, Ш.Уалиханов қазақ тарих көгінде аққан жұлдыздай жарқ ете, қалды. Бірақ, оның әлі де шоқтығы биік. Оның тарихи мұралары тек төл тарих ғылымында ғана емес Орта Азия халықтарының да өмірінде өте маңызды екендігі баршамызға мәлім.
Пайдаланылған әдебиет:
Уалиханов, Ш.Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы: Толағай групп. 2010. - 496 б.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі