Әлемге әйгілі ойшыл, философ, лингвист, музыка зерттеушісі, социолог Әбу Насыр Әл-Фараби «Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым деп жазып қалдырған болатын. Сонымен бірге, ҚазҰУ –білім алуға зор мүмкіндіктер мекені.
Соның ішінде мен білім алып жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философияжәне саясаттану» факультеті «Дінтану» мамандығына тоқталып өтсем. Жалпы бұл университет алғаш қаланған күннен бастап, қазіргі уақытқа дейін қаншама студент білім алып келеді. Әлі де дамып, көркею үстінде.
Және де «Дінтану» мамандығы- жалпы діндерді, олардың тарихын, сол діндерді ұстанатын халықтардың, ұлттардың ұстанымдарын, діни рәсімдерін, құлшылықтарын толығымен зерттеп, біле аламыз. Сонымен бірге қазіргі таңдағы діни жат ағымдар, дәстүрлі емес діндер, терроризм, экстремизм секілді теріс ағымдар жайлы да білеміз. Яғни олардың қаупін, алдын – алу шараларын сынды толығымен зерттейміз. Дінтану – діннің шығуы, мәні мен дамуы, діни ілімдер мен олардың ерекшеліктері туралы ілім. Сонымен қатар дінді ғылыми түрде түсіндіруге мән беретін дін туралы ғылыми білім.
Дінтану мамандығы –еліміздегі ең жас, әрі үлкен сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Қазіргі таңда дінтану мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, қажет деп тапқан мамандықтардың біріне айналды. Ең алғашында дінтану десе халықтың құлағына түрпідей тиетін бұл мамандық кеңге жайыла бастап, адамдардың бойы үйренді. Сонымен уақыт өте келе бұл мамандыққа деген жақсы көзқарастар қалыптасты. Күн өткен сайын жоғарғы сұраныстарға ие болып келеді. Және де "дінтану"мамандарын даярлауда жаңа бейіндік бағыттарда ашылған. Бұл мамандықты оқыту барлық жоғарғы оқу орындарында жүргізіледі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу орны, сондай –ақ еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы болып есептелінеді. ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені.ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану мамандығы 2 курс студенті Сеитнұр А.Б Филос.ғ.к Кантарбаева Ж.У
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі