Корейская косметика премиум класса

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - білімнің қара шыңырағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - бұл біздің еліміздің ғана емес, сонымен қатар шетелдік азаматтардың да студенттік өмірі. Біздің университетте 14 факультет бар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - білімнің қара шыңырағы. Бұл университет тек сізді маман етіп тәрбиелеп қана қоймайды. Мұнда сіз гуманист адам болып шығасыз. Мұнда орта бөлек, адамдардың парасат-пайымы басқа. Мұндағы студенттер ынта-ықылас пен мейірімді, мұғалімдер өте жақсы және өз ісіне берілген. Мұнда сіз әлемнің әр түкпіріндегі таланттармен дос бола аласыз. Профессорлар мен оқытушылар әрдайым жетістікке жетуге, білім жинауға көмектеседі.Мен осы университетте оқығанымды мақтан тұтамын. Біздің университетте сізде оқуға, дамуға және жақсы достар табуға көптеген мүмкіндіктер бар. Тек оқудан ләззат алыңыз, өйткені бұл сіздің өміріңіздегі ең әдемі сәт. ҚазҰУ - бұл білім беру мен ғылым саласындағы жоғары жетістіктерге жетуді қалайтындар үшін, сонымен қатар ең жаңа білім беру бағдарламаларын біріктіретін заманауи университет.

әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенті Ильясова Ш.Б., аға оқытушы Қаңтарбаева Ж.У.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз