Зар-заман неден басталды? Оған себепкер болған кімдер? Қарап тұрсақ осы Дешті-Қыпшақтың даласы көрмеген алпауыт мемлекеттер мен империяларды көрді. Олар да шарықтады, олар да өшті. Сақтар, ғұндар, түрік қағанаты, қыпшақтар, Шыңғысхан империясы, Жошының ұлысы, өзіміздің Қазақ хандығымыз. Соларды жеке-жеке бөліп қарағанда сценарийлері бір секілді күшейді шарықтады алауыздық шығып күйреді. Ғұндарды алып қарайықшы б.зб 55жыл ғұндардың екіге бөлінуі. Неге? Қытайды тізесіне бүктіріп тұрған ғұндарға не болған? Қытай императорларының сәтті саяси қақпандары көшпелілердің ішіне алауыздық салып, кейін үйсіннің кей бектері қытайлықтармен бірігіп ғұндарды талғандайды. Көшпелінің көшпеліге шабуыл жасауы қытайлықтардың жағдайын жақсартып жаулаушылық әрекеттерін бастады. Ондай қытайдың әрекеті Түргештерде де, Шыңғысхан империя құрмай тұрып та, одан кейінгі жоңғарларға сондай әрекет жасағаны тарихқа мәлім. Жетісу қытайлықтардың бағзы заманынан бергі арманы. Ал батыс шахарымызда н еболып жатты? Ғұн екіге бөлінді бірінші ел айырылған осы ғұндарда болды. Бірақ көшкен жерден таяқ жемей тіпті басқа тайпалардың көкесін көрсетіп, «Халықтардың Ұлы Көшін» бастауға себепші болған ғұндар. Кейініректі қарасақ осы өзімізге жақын Жошы ұлысында иелік еткен хандарға тоқталайықшы. Алтын Орданың шарықтауынан өтіп Өзбек ханнан кейін беделді хан да болмады. Тіпті бір жылдың ішінде 12 хан таққа таласып бірін-бірі өлтіргені туралы бізге мәлім оның арты неге алып келді? Шайбандар Орда-Еженнің ұрпақтарынан тақты тартып алып Әбілқайыр Шайбанның 40жылдық билігі алып келді. Осылай бірі-бірімен қырқысқан көшпелі жұрт батыста өсіп келе жатқан қауіпті көрмеді. Бұдан ой түйетімініміз төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтай ала болса ауыздағы кетеді демекші алауыздық соңы оңдырмас.
Ендеше қазақтың хандық болып зар-заманына тоқталайық. Түп негізі өткен тарихтан бастау алып отырғаным осындай оқиғалар да біздің тарихпен үзеңгілес . Зар-заман болды деп ел айырылған болып, Ақтабан Шұбырынды Алқакөл сұламаны айтамыз. Оған тоқталмас бұрын Қасым ханнан кейін де әлсіз хандардың билігі тақтағы келеңсіздікке тоқталғым келеді. Тахир, Бұйдаш, Мамаш, Тоғым, Ахмет хандар ел ауызында көп сақатала қоймады. Неге? Әлсіз билік. Хақназар хан келіп өткен хандардың қателіктерін түзеп елге тыныштық әкелді. Ендеше ел тізгінін ұстайтын хан да өзгеше бір билік басында дарындық болуы қажет-ті.
Өзіміздің түп негізгі түсінігіміздегі зар-заманға тоқталайық. Одан бастау не себеп? Тарихи мәліметтерге сүйенсек Болат ханның Әбілқайырды бас қолбасшы етіп сайлауында. Ол бастамасы кейіннен таққа талас болып, Болат ханның тағын кім иеленеді деп үш жүздің төре сұлтандары бақ таластырады. Бірақ еш біріне бұйырмай Әбілманбет сұлтанға бұйырады. Бірақ ол саяси тұрғыдан әлсіз, беделі төмен еді. Осының кесірінен үш жүз жоңғарлардың проблемасын өз бетінше шешпек болады. Сөзсіз қазақ тарихында жеңістер де болды, жеңілістер де болды. Ендеше осы зар-заманды жырлап қалдырған ақындар мен жырауларға тоқталайық. Өлең шумақтары не дейді екен?
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн кайда?!
-деп жыр еткен Доспамбет жыраудың жырына келетін болсақ, өмір сүрген уақыты Ноғай ордасының құлдырау заманына келді.
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?!
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!
Доспамбет жыраудың өмір сүрген уақыты зар-заман ақындарының заманына сай болмаса да, өзіндік бір мұңшылық, ескі заманды еске алу кездеседі. Мұндай сарын жыраулардың көбінде көрінеді.
Ал зар-заманның нағыз өкілдері не дейді екен? Шортанбай Қанайұлының «зар-заман» деп аталатын толғауларының үзіндісінде:
Мынау ақыр заманда,
Алуан-алуан жан шықты,
Адам, араз хан шықты
Сауып ішер сүті жоқ
Мініп көрер күші жоқ
Ақша деген мал щықты
-дейді екен. Ақыр заман осы ма деп сауал айтады. Сауып ішер сүті жоқ деп не еріншектікті, не патшалық өкіметтің саясатының кесірі деп айта аламыз. Алуан алуан жан шықты деп, азғырған адамдардың көп боп кеткенін меңзеп тұр.
Еділді тартып алғаны —
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойдағысы болғаны.
-деп жыр еткен Мұрат Мөңкейұлының «Үш қиян» атты толғауында орыстың келіп алғанын. Ел айырылып, жер айырылғандығын сөз етеді. Одан бөлек,
Еділді қоныс етпеңіз,
Жағалай қалмақ алады.
Жайықты қоныс етпеңіз
Сыдыра біткен көк жиек,
Кәпірлер қала салады
Аштарханды қоныс етпеңіз
Шахарын оның алады
-деп «Қазтуған» атты толғауында Еділ де, Жайық та, Аштархан да қоныс етпеңіз дейді. Неге? Өйткені орыстың қазаққа күн көргізбейтіндігін болжап білді ме әлде, көріп білді ме? Ол да қызық сауал. Бірақ орыстың казактары біз білетін Сарайшықты зембіректеп, қазақтың ханы Қасымның жатқан жерін тас талқан етіп кетті. Қаланы қиратқан орыстан, қара халыққа деген көзқарасын түсіне бер деп меңзегені де шығар. Осыған ұқсас тағы да ,
Еділді алса - елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса - жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса - ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
-деп елді құр бос басқыншыларға қалай береміз деп терең астарлы ойда жеткізеді.
Бұлай жыраулардың жыр еткеніне не себеп? Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді – деп өсиет қалдырған бабаларымыз сол өсиетінен айнып қалды ма? Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алмады ма? Жоқ! Алауыздыққа алып келетін көптеген факторлар әсер етті. Ол ең алдымен сыртқы жау. Ежелгі дұшпан ел болмас, етектен кесіп жең болмас - деп Махамбет бабам жыр еткендей ішің түгел болса, сыртқы жау да алмас, топаң су да алмас. Алауыздық неден шықты неге алып мемлекеттер құлады? Нәпсіге берілген бектер ме әлде әлсіз хандар ма? Бұл өте күрделі процесс, бірақ қыпшақтың даласындағы алып елдерді құлатып отырған сыртқы жау, өз ісінің маманы екен...
Елдің ел болуы әр адамның өз қара басынан шығады. Ел болу алдымен қасыңдағы көршіңмен дұрыс ел болу. 20 ғасырдың жыраулық бір өзіндік мектебін салған Наурызбек жыраудың жырларымен аяқтағым келіп отыр.
Туысыңменен тату бол
Жақсы ғой қайта қайта көрмекке!
Бір әлсізді мұңайтсаң
Ілінбейді атың ерлікке!
Араздассаң көршіңмен
Ол жатпайды елдікке!
Көпшіліктің ішінде
Біреудің айыбын айтып кемітпе!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
философия және саясаттану факультеті
дінтану және мәдениеттану кафедрасы
2курс студенті Джасыбаева В.
Жетекшісі: Кантарбаева Ж.У.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі