Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіз елге 30 жыл

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақтерек ауылы
Серік Дәулет Бақтиярұлы

Тәуелсіздік... Бұл сөздің астарында қаншама ұғым жатыр.Еліміз тәуелсіздік бесігінде тербелгелі  30 жыл! Осы уақыт ішінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіне түгелдей танылды. Ұлы қазақ елі  осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жыл кеңес одағының шырмауында болды. Бұл күн ащы термен келген ата-бабамыздың тәтті жемісі.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқының тәуеліздік үшін ең соңғы күресі еді. 1991 жылы ел тәуелсіздігін алған күннен бастап, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың түрлі саясатының, көрегендігінің арқасында  көк туымыздың астында көп ұлтты мемлекет болып, тату өмір сүріп келеміз.

Тәуелсіз елде өмір сүрсек  те еліміздің арманы көп. Мысалы, қазақ тілінің әлі де жетік еместігінің ұлтаралық қақтығыстар сияқты мәселелер. Менің бақытты ел болуға арманым - ел бірлігі. Басқа ұлт өкілдерімен тату болу үшін көптеген іс-шаралар өткізіп, бәріне бірдей жағдай  жасап,  мысалы, наурыз мейрамын атап өткенде ортақ құндылықтарды насихаттап,дәстүрді құрметтеп отыруымыз керек. Сонымен қатар ана тілімізді кеңінен қолдану,балабақшадан бастап мемлекеттік тілді қадірлеуді үйрету. Қазақстан Республикасы әрбір азаматына әсер ету қажет. Мемлекетіміздің  әрбір жас ұрпағы Отанымыздың патриоты болып, тәуелсіздігімізді  одан әрі нығайту үшін бірігіп елге еңбек сіңіруіміз қажет. Тәуелсіз елде туылып, тәуелсіз елде ержеткен менің де асқақ арманым бар.Тәуелсіздік – бізге болашаққа жол ашып берді. Біз осы жолдан бұлтармай  алға баса беруіміз керек.

XXI ғасыр - білім ғасыры. Демек, ертеңімізге сеніммен қарайтын, өткенді қадірлей білетін, сүйікті Отанымызға күш-қайраттымызды жұмсайтын Қазақстан Республикасы азаматы боламыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз