Шалқып жатқан өмірде әрбір жанның ауырмай- сырқамай, тек бақытты сәттермен ұзақ өмір сүргісі келеді. Дәл осындай өмірді жасау өзіміздің қолымызда екені белгілі. "Дені саудың жаны сау" демекші адамның басты байлығы-денсаулық. Денсаулықтың күтімі жайлы ең бірінші қағида-салауатты өмір салты. Өкінішке орай бұл ұғымды әртүрлі түсінетін жандар да бар. Біреулер "өмірімнің бәрі диетамен өте ме?"десе, енді біреулері"салауатты өмір салтын ұстанып ары кетсе 1 ай ғана жүре аламын"дейді. Енді біреулері өмірінің соңына дейін серік етеді. Осылайша қоғамның кей бөлігі бас тартып, кей бөлігі қолдайды. Негізінде салауатты өмір салты ұзақ өмір сүрудің бірден-бір құпиясы. Тек оны өзіміз қиындатып жібереміз. Ендеше жеңіл әрі оңай салауатты өмір салтын қалыптастырудың нақты 7 әдісіне тоқталайық:
1. ҚАЛЫПТЫ ҰЙҚЫ НОРМАСЫ. Ұйқы қанбау немесе көп ұйықтау денсаулыққа зиян. Сондықтан өз ұйқы гигиенамызға аса қатты мән берейік. Адам ұйқыға түнгі сағат 23:00-ден кеш жатпауы керек. Ұйқы нормасы шамамен 7-8 сағат. Күндізгі уақытта 1 сағат тынығып алса да жөн.
2. ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ. Тамақ құрамында негізгі қоректік заттар болу керек. Калориясы жоғары, майлы, қуырылған тағамдардан бас тартыңыз. Мейлінше қайнатылған, буға піскен, балғын тағамдарды тұтыныңыз. Шай, кофе, газды сусындар, фастфудтарды азайтыңыз. Тамақтану рационында сүт және сүт өнімдері, аптасына 1 рет балық тағамдарын тұтынған жөн. Күні бойы көп су ішу керек. Жеміс-жидек пен көкөністерді, кептірілген дәндерді де ұмытпаңыз.
3. СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ. Қазіргі кезде спортпен айналысатындар өте көп. Спорттың түр-түрін машық етеміз(аэробика, фитнес, гимнастика, жүзу, стретчинг). Қай спорт түрімен айналыссаңыз да таңғы уақытты таңдаңыз. Таңғы уақыт жанға құлшыныс пен энергия береді.
4. ТАЗА АУА-ЖАНҒА ДАУА. Айналамыздағылар тіпті бізде көлікпен жүреміз. Басты себеп: уақыт тапшылығы. Екі аттам жерге де көлікпен жетеміз. Бұл да денсаулықты қажытады. Сондықтан жаяу жүруге дағдыланайық. Әрі таза ауа жұтамыз,әрі жаттығамыз.
5. ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛУ. Денсаулық құрдымына не жатады: темекі, есірткі,ішімдік,құмар ойындар,үздіксіз ғаламторға байлану. Осы нәрселерді мүлде қолданбайық.
6. ПОЗИТИВТІ ОЙЛАУ. Әрқашан жақсы ойлап,өзіңізге сенімді болыңыз. Өзіңізге, айналыңызға адал болыңыз,өтірік кейіп танытпаңыз. Әр адамның бойынан жақсы қасиеттерді көруге тырысыңыз. Өміріңізде болған сәтсіздіктер мен қателіктерді, қиындықтарды қабылдап,қасқайып қарсы тұрыңыз. Алда тек қана қуанышты сәттер мен жетістіктер болады деп сеніңіз!
7. ЖОСПАРЛАНҒАН КҮН.
Әр күнді нақты жоспарлауды уақытымен жазып үйреніңіз. Егер сізде арнайы жоспар болмаса, өміріңіздің соңына дейін бір жерді айналып жүре бересіз. Жағдайыңыз өзгеріссіз осылай жалғаса береді. Жоспар құруды дәл қазірден бастаңыз.
Нұрай Жылқыбай
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі