Өлең, жыр, ақындар

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің жастарды білімге баулуы

Колледж шеңберінде білім алу ерте кәсіби өзін жетілдіруге, мамандық игеруге, жұмыс орнына орналасуға және ары қарай оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Колледж мемлекет алдындағы басты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге көмектеседі, Қазақстан Республикасының дамушы экономикасына қажет орта санаттағы жоғары мамандандырылған және жоғары жалақылы кадрларды дайындайды.

«Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Оңтүстік өңіріндегі орта кәсіптік білім беретін танымал оқу орындарының бірі. Колледждің ашылу тарихына үңілетін болсақ, Қазақ химия-технологиялық институты жанынан 1995 жылдың 25 сәуірінен бастау алып, «Инженерлік-экономикалық колледж» деген атпен Оңтүстік  Қазақстан обылысында  ашылған тұңғыш жеке меншік орта кәсіптік оқу орны.  Қазіргі таңда 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап колледж директоры қызметін экономика магистрі Мырзасалиева Ажар Сериковна білікті атқару үстінде. Колледждің мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беруде Қазақстан Республикасы бойынша сұранысқа ие құзіреттілігі жоғары маман даярлау болып табылады. Колледж 2021 жылы сәуір айында институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға өтті. Колледжде келесі мамандықтар бойынша кадрларды дайындайды - «Бастауыш білім беру педогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Аударма ісі», «Құқықтану», «Есеп және аудит», «Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер». Жоғарыда айтылған мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру гранттары 125 орынға қарастылған. Колледждің материалдық-техникалық базасы толыққанды жеткілікті болумен қатар, жоғары білікті оқытушылары тынымсыз еңбек етуде. Колледж туралы толық ақпаратпен ukgek.kz сайтынан, Azhar_serikovna_ykgek инстаграмм  парақшасынан танысуға болады.

Қазіргі таңда колледжде 571 студент білім алуда. Колледж ұжымы жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып, Елбасының парасатты пайымдарын негізге ала отырып қарқынды түрде бәсекеге қабілетті, жоғары құзіретті мамандарды даярлау үстінде. Жас мамандарды дайындаудағы сапалы білім беру мен қол жеткізген жетістіктерді көрсету үшін түрлі колледж ішілік жарыстар мен олимпиадалар ұйымдастырады. Сондай-ақ, колледж шеңберінде дебат клубы, спорт пен жастар клубы (Жайдарман), өзін-өзі басқару, еркіндік, қыздар және ұлдар кеңесі, оқуға құштар топ (топтар арасындағы жарыс), дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша воллейбол және футбол командасы тұрақты түрде ұйымдастырылады. Колледжде сапалы біліммен қатар, рухани-адамгершілік пен тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына» - деген ұранмен колледж ұжымында тәрбие мен білімді қоса алып жүру мақсатында жұмыстар атқарылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер