Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ спортшыларын құттықтайды

Смагулова А.С. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының и.о.доценті

Рахимбаева Р.М. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының  Phd  докторанті, аға оқытушысы

Бүгінде ҚазҰУ ТМД елдері мен Орталық Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Бұл университеттің барлық қызметкерлерінің ғылыми -білім беру саласында ғана емес, сонымен қатар спорттағы бірлескен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында спортшылардың бір емес бірнеше ұрпағы дайындалды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев оқу орнының түлегі Елдос Сметов пен медицина факультетінің 1-курс студенті Игорь Сонды Токио Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтады.  

Дзюдошы Елдос Бақтыбайұлы ҚазҰУ-дың заң факультетін бітірген. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Күншығыс елінде 60 келі салмақта ел намысын қорғап, қола медальға қол жеткізді.

Игорь Сон – қазіргі сәтте дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алуда.  Ауыр атлетикадан 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жұлқа көтеруде 131 келіні, серпе көтеруде 163 келіні бағындырды.

Ж.Түймебаев өз құттықтауында Олимпиада ойындарының жүлдегерлері қазақ елінің абыройын асқақтатып қана қоймай,  университет ұжымын шексіз мақтаныш пен қуанышқа бөлегенін жеткізді.  

Сонымен қатар, күншығыс елінде екі күн ішінде қоржынға түскен екі қола кейінгі студент жастар үшін ерен үлгі, патриоттық рух сыйлайтын жарқын сәт екенін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетсек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің 10-ға жуық түлегі мен білім алушылары Қазақстан ұлттық құрамасында жүзу, дзюдо, еркін күрес, ауыр атлетика, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерінен бақ сынауда.  Сонымен қатар 3 курс Әлемдік экономика  мамандығының студенті Александр Молчановтың жеңістері туралы атап өткім келеді. Ол «Буревестник» волейбол командасында ойнайды, онда команда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

Барлық спортшыларымыздың елге жеңіспен оралуын тілейміз! Барлық спортшыларымызға бұдан да көп жеңістер мен жоғары марапаттар тілейміз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз