Менің бақытты күндерімді
Енді сендер айтуға тиістісіңдер.
О, жартас, сөйлегін! Сөйлесіңдер менімен, шайтандар!
Көшелер үн қатыңдар! Данышпаным, өзің туралы тіл қатқын!
Көңілді елжіретіп сенің киелі дуалдарың, ақиқатты жырлағандай.
Roma aeterna! (Рим мәңгілік!)
Дерлік бәрі де мылқау болып байланып қалған ба?
Кім айтар енді, қайсібір терезеден кездейсоқтан рақымшылықтың көлеңкесі түсіп, сөйтіп мені, күл шоғынан, тірілтіп алар, кім бар екен?
Оған бара беретін, бара беретін жолды, білместен еш, болмаса мен жолдан адасып, жүрмін бе екен сан сағаттарды аяусыз жоғалтып?
Бүгінде жүрмін, тас-талқан болған зәулім шіркеулерді, сәулетті сарайларды, құлап жатқан гауһар тасты мұнараларды тамашалап, серуен құрып.
Келгендер, Амурдың шіркеуінен ерекше көсемнің қанын көрер.
Рим! Сен туралы: «Сен — бар әлемсің».
Махаббатты алсаңдар тартып,
Бар әлем махаббаттсыз — әлем емес,
Рим махаббаттсыз — Рим емес.
Сүйіктім, сен ерте бастан көніп қалғаныңа өкінудесің бе? Өкінбегін: Батыл шешімдерге сенгін, мен сені күштемеймін.
Махаббаттың садақ оғы әрқилы тиер: аздап тиіп кетіп, салса белгі, у-ы жүрегіңді жылдар бойы жаралар; Және де қуатты қанатының үшкір де, мықты ұшымен, сүйегінен өтіп миыңа жетіп, бар қанынды отқа орар.
Ғасырлар бойы батырлар, құдіреттілер құдіретті сұлуларын шексіз сүйіп, құмарлана бір біріне қарауменен, құмарлықтары рахат күйге бөленген.
Әлде сен ойладың ба, Ида бау-бақшасында Анхиздың Кипридаға ғашық болған күндерін? Ұйқылы-ояу бейхам жатқан Селенаны қызғана өбіп-сүйіп, шіркін, таңның нұр сәулесін оятқан!
Түннің бір жарымында, айқай-шудың ортасынан Геро Леондраға қадала бір қарағаннан, ол байғұс, махаббаттын, от-шоғына күйіп жанып, дауыл-нөсер қамауында тұншығып кете барды. Сөйтіп, Марс өзінің балаларын дүниеге әкелген. Қасқырдың анасы екі баласын емізген, Рим де жер жүзінің сұлтан бегі атанған.
V
Өткенім мен бүгінгі күндеріме дауыстап үн қосқандай, қуаныш пен бақытқа шексіз мен бөленемін.
Өткен тарихтарды парақтаған сайын, өзіммен өзім кеңескендей болып, күннен күнге жаңа күйге енгендеймін.
Түнгі Амур мені өзгеше істерге жетелейді: Жарым-жартылай оқығанмен, бүгінде мен бақыттымын екі есе.
Омырауыңа қадала қарап жанарым, дегенмен де мен түк білмегендей белгі беріп, жанбасыңды қолыммен сипағандай күйдемін бе?
Гауһар тастың сыры ашылғандай; заңға сүйеніп тапқандаймын: Көздер, тұнып, қараумен, сезінер, сипап, қолдар.
Егер де кейде күндізгі сағатымды ғашығыммен өткізгенмен, өзіме ол түнгі сағатыммен бірге қайта оралар.
Ылғи түнді аймалап сүйісумен өткізбестен, әңгіме-дүкен де құрамыз; Ұйқы қысып бізді — терең ойға батамыз.
Бірнеше рет, ғашығымның құшағында өлең құрап, өмір өлшемдерін, саусақтарымның буындарын мен тырс-тырс үзіп, есептеймін.
Сүйіктім мүлгіп-қалғып демін алып — демі менің құшағымды өртеп жандырар.
Сол мезгілде өткен шақтарды еске алып, Амур алаулап шырақ жанып, жеңістің биігіне көтерілгендерге қызметін көрсетуде.
VI
«Сен бе, қатыгез, мені осы бір сөздеріңмен қорлайтұғын? Жоқ әлде еркектер ме, жақсы көргендерінен, соншама ашулы сөздер айтатұғын?
Мейлі кінәлай берсін мені көпшілік, мен бәрін де шыдамдылықпен көтеремін. Білемін: күнәлімін. Бірақ та менің жеке күнәм кім? Сенсің!
Мына көйлектер, олар қызғаныш пен өсек-аяңдарды тудырар,
Күйеуін аңсап жылап сықтаған жесірдің де ығыры шығар.
Айлы түннің ортасында, сен келмеп пе едің менің жаныма, байқамастан: Қоңыр-қара келісті кимешек киім киініп, қолаң шаштарың жалаудай желпіл қағып, желбіреп? Сен өзің емес пе едің, әзілдеп, шайтанның түріне енген?
Адамдар бір-біріне сыбырласып: «Мәймеңсіңген! Кім еді, сен болмасаң, сондай болған?
Римде, шіркеудің жылы ұясында, ешкім де сенбес, ант етемін, имандылыққа бас игендердің ешбірі де менің ыстық құшағымды білгенде емес. Ия, мен жас та, кедей де болатынмын, Маған қызығушылар көп ақ еді, Фольконнери бірнеше рет жалынышты көздерімен қараумен болса телміріп, Альбанның жүгіртпегі Остаяның Кватро Фонтанесіне шақырумен, қап-қап будақтаған ақшасын маған тығумен болды ізімді бағып.
Шабармандар мені жолдан тайдыра алмады еш!
Бірі де өте жиіркенішті еді.
Менде ақшыл-көк шұлық болатұғын, қызыл түсті де емес еді! Аздап білетінмін: «Бәрібір ақыр соңында, қыз баласы зәбір шеккен! Анамның қатал еместігін, бостығын, әкем о бастан айтумен келеді. Айтқанындай-ақ міне енді, мен де алдандым!
Тек сырт көздер үшін сен ашуланғанмен, өзің болсаң, білемін, қайтсем қашып құтылар екенмін деп ойлаудасың. Не дейін, бара бер! Сендер әйелдің махаббатына тең емессіңдер. Біздер жүрек түбінде балалық көңілімізді, кеудемізде адалдықты нық сақтаймыз. Сендер, еркектер, ыстық құшақта адалдықты, құштарлықты үйіп-төгіп, сендер өздеріңнің жеңіл махаббаттарыңды, бірін де бостан босқа өткізесіңдер».
Сүйіктісі осы сөздерді айтты да, жас сәбиін қолына алып, оны құмарлана сүйе бастады; көзінен жас шексіз ақты бұлақтап.
Қалайша мен ұялмастан, адамгершіліктен аттап өтіп, арам сөздерге жол ашып, мөлдір таза махаббатты қорладым!
Әлсін-әлсін от жалындап ұшақтанып, түтіндеп, бықсып жанып тұр, егер де су бүркіп сеппегенде, от-шоқ ерік берместен лаулап жанып та кетер ме еді.
Дегенмен де, сол бір сәт, от жалын атып тазаланып, түтін де жоғалар; Жаңадан, жастық шақ келіп, қуаттанып, жарықтап от-шоқ та лаулап жанар.
VII
О, Римде маған қандай жақсы! Бұрыннан-ақ осындай ма еді?
Солтүстіктің қоңыр салқын күндері мені аймалап өбіп сүйгені, әлі есімде.
Күңгірт, ауыр аспан төбемді басып тұр; Жердің жүзі түр-түсін, бояуын да мүлдем жоғалтып әлсіз жатқан.
Мен болсам өзімнің «мендігіме» салынып, қараптан қарап көнілсіз рухым мені жаулап алып, қараңғылықтың жолына, ой-толғаудың тереңіне сүңгіп кетер. Бүгінде маған маңдайыма жазылған жарық сәулесін түсіріп, өмір сыйлаушы — періштем түр мен түсті өмір сүруге үндеген.
Түн жұлдыздармен жарықтанып, жұмсақ жылы ән салар; Қиыр солтүстіктің күнінен де, оңтүстіктің ай жарығынан да жап-жарық.
Бұл нендей мен бишараға келген бақ-қуаныш! Түсім емес пе екен? Көрінген сенің орасан үлкен, зәулім үйіңде мейман болған, Жарық жұлдыз — әкең бе?
Міне, мен шалқая жатып, қолымды сенің ыстық тізеңе қойып жалына сұранамын: «Ксений — жарық жұлдыз, қумағын, мені! Қалайша мұнда келгенімді мен, түсіндіріп айта алмаспын: Геба мені, саяхатшыны ұстап алып, ғажап жарықтарға қызықтырды. Жас өскелең, мүмкін сен батырларды алып келемін деп, жаңылысқан да боларсың?
Дархан жан, маған бұйырған қателіктеріммен бірге сақташы!
Ия, жолың болғыр, бірбеткей қызым менің, келгін енді: Кім көңіл бөліп қарайласа, соған ең жақсы сыйлық берер.
Меймандос па едің, құдайым? Келген жанды олимпидің биігінен және де төменгі жерге құлатып жүрмегін».
«Тоқтағын! Қайда шығып алғансың, ақыным?» — Кешіргін мені! Капитолияның биік шыңы сенің жаңа Олимпің болғандай.
Осында, Жарық жұлдыз, маған шыдағын; ал кейін Меркурийді, Цестиевті сағанасынан шығарып салар».
VIII
Қымбаттым, қыз басыңмен адамдарға ұнамадым деп айтып тұрсың ба сен, анаң саған қорған бола алмастан, кейіннен соң, өскелең бойжеткен, үнсіз жерде гүлдеп өстің сен, — жарқыным, мен сенемін: Сенің жас кезіңнен ерекше өскен күндеріңді сағынып, қызыға есіме аламын.
Бұған ұқсап жүзімнің түрі де, түсі де гүлдеп өзгермейді. Бір шоқ болып піскен жемісі — Құдайым мен адамдардың қуанышы.
IX
Күзгі күннің жарық жанып ошағы, ауылда жүргендей қуандық; Қурайлар өршіп жайнап, қарап тұрсаң, биіктеп жалындап жанып жатқандай.
Бүгінде олар маған екі есе қуанышты: Ағаштары көмірдей от-шоқ жанып, күлге айналмастан ерте сөніп қалар, — сүйгені келер жетіп. Жалқаулана ысыта жанып, түнді жылыта түсіп, біздерге мереке кешін сыйлағандай. Таң атқанда менің үй-жасауым, сүйікті жайын қалдырып, асыға күл ортасынан қашып, өмірге қайта келіп от-шоқ жанар. Ерке Амурды ерекше бір сыйлаған: Күл ортасына кіріп ол сөнгенде, қуанышты оятар.
X
Ұлы данышпандар Генрих пен Фридрих, Цезарь мен Александр, егер де олар өздерінің құрмет, атақтарының бір бөлегін маған сыйлайтындай жағдайда болғанда, мен әрбіріне, болмағанда бір түнге өз орнымды берер едім: Тек қана Орк оларды өзіне бағындырып қатал ұстаған...
Аяғыңды о бастан алып қашпастан, махаббаттың от жалынды, ұясында өмір сүріп, бақытты жан болғын сен.
XIV
«Балақай! Жарықты жаққын!» — Жарықтансын! Не үшін бостан босқа майды алмастырмақсың? Терезенің қақпағын неге жаптың? Таудан ары аспастан, қақпа сыртында күн қалды жасырынып — біздерге күннің батуын күту үшін және де енді күректей жарым сағат керек».
«О, бақытсыз жан! Таласпағын, бара бер! Мен қымбаттымды күтудемін. Түннен хабар беріп, шырақ шам, жұбатар мені!»
XVI
«Қалайша бүгінде сен, сүйіктім, менің жүзім көшетімді ұмытқансың?
Тағдыр жазып, жасырын мен сені, сонда күттім».
«Сол жерге бара жатқанымда, бақытыма, уақытында, бұталардың арасында тынымсыз жұмыс істеп жүрген ағаңды байқап қалдым. Мен тезірек қаша жөнелдім!»
— Ах, қалайша сен жаңылғансың!
Қолдан жасалған жансыз қуыршақ қой —
— Сол ғой сені қорқытып қуған. Біз оны ескі-құсқы, мата қоқыстардан адамға ұқсата тұрғызып қойған едік; Мен де барымды салған болатынмын — сөйтсем, өзіме өзім бақытсыздығыма жасаппын!»
Шал өз дегеніне жетті: ол өте әдепсіз құсты қуды,— бау-бақшаны да және де бақшаға қарап жүрген қызды да құртатынның дәл өзін.
XVII
Мен көптеген дыбыстарды жақтырмаймын, соның ішінде ең бір оқшау өрескелі, ол иттің үріп, ыңырсуы, — құлақты ол, оңбаған, жарып жіберердей.
Тек бір ғана иттің үргені жүрегіме қуаныштың жылулығын оятқандай — көршімізде жасайтын, арлан төбет.
Бір күні ол, маған жасырынып келе жатқан сүйікті қызыма үремін деп, сәл болмағанда біздің сырымызды өзгелерге ашып қоя жаздағаны бар.
Иттің үргенін естіп, мен бірден жанып кеттім: «Сол емес пе?» Жоқ әлде есімде қалғаны, арман болған үйдің есігінің ашылғаны.
XX
Жігітті күш-қуаттылық жарастырып, ерлік еркіндіктің рухы болған ба?
Құпия-сырларды сақтау да одан кем жараспаған.
Үнсіздік күрделі құрылымдарды өшірген халықтардың бикеші!
Құдіреттім, мен үшін, өмірімнің жарығы болдың сен.
Тағдырым не жазған едің? Мені сазды әуен, күліп, ерітеді,
Амурдың тас құлыптанған ауызын қу-алдамшы бұзып жарып,
Ох, патшаның қарабеттілігін жабу деген қандай қиын іс!
Ең қиын іс төбелі қалпақ киген мидастың ұзын құлағы мен ең жаман іс басындағы гүлтәжді жабу деген: егер де жақын қызметшілерінің бірі патшаның құпия түрде көкейінде зілдей тасты сақтап жүргенің сезіп қалса — онда патшаға қауіптің төнгені.
Зілдей тасты жер астына жерлеп, көміп тастау керек пе, енді қайтпек?..
Бірақ та мұндай құпия-сырды жер де сақтай алмас!
Мен үшін, көкіректі қысып жарып бара жатқан, құпия-сырды сақтап қалу өте қиын, тілден оп-оңай-ақ судай ағып кетуі мүмкін.
Егер де құрбыларыңның біріне сенімсіздік білдірсең — өсек таратып жібереді олар; Досыңа сенуге болмас екен: не сонда, досың да қауіпті болғаны ма?
Жартастардың жаңғырығын естуге ынтызар қылып, сенің бау-бақшаңды бір көруге соншама құмар болған ба?— дейсің.
Мен сондай-ақ, жас та емеспін, жалғыз да емеспін.
Әрбір жанның арманы бар.
Кейбіреулер қармақ-қорғандардан қашып, аулақ жүрер,
Кімде-кім батыл, өжет көрінсе — ол жүректілік, ал жасырын жүру, қу болу — қорқақтық.
Ақылды оп-оңай ақ айналып өтер: оған жарқырап ақ жол көрініп, сонда сағына-сарғая сүйікті досы күтіп тұр.
Абайлағын, Селена! Келе жатыр!
Көршің көріп байқап қалмаса еді...
Ағаш жапырақтары желмен есіп бірге, сылдыр қақсын — аяқтың әрбір басқан дыбыстарын тұншықтырсын!
Өніп өсіңдер, гүлденіңдер сендер, о, сүйікті, сағынышты өлеңдер!
Тербетіле билеңдер тыныш қана діріл қағып сабақтанып, мейірімді жылы түнде — қамыстарға ұқсап, қимыл қағып.
Бақытты жұптың тағдыры тартқан жазаларын құмартқан жандарға құпия-сырларын ашқын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі