Белгісіз, жігіт керемет, денеге саулық, ем беретін!
Кеселмін мен, рас, — дегенмен де сенің еміңнің түрі қайырымсыз екен,
Ах! Мен сенің кеңесіңді орындауға қауқарым жоқ;
Мен бірін де қайталаймын — Мен саған жоқ дей алмаймын,
Мен өзіме ең жақын дос деген адамымды дұшпан болғанын қалаймын.
Керек десең, досыңды жарылқадым деп, сен айтпаған, бәрін де.
Әттең-ай! — биік жартастардан құлап сулар,
Бұлақтардың ағысы әсем әнді тоқтата алмаған.
Дауыл-нөсерді тоқтата алар ма едің?
Күннің шексіз көк аспаннан шұғыла нұрлы сәулесі
Дөңгелене теңіздің түбіне терең түспей ме?
Табиғаттың бар тылсым күші маған сыбырлағандай:
Аминт, жер бетіндегі пенделердей,
Сен де, қатал заңдардың шешімдеріне бағыныштысың.
Достым менің! Жүзіңді өзгертпестен ақ,
Сабырлық жасап мені тыңдағын:
Өзен жағасында өсіп тұрған көк тал ағаш,
Маған біршама ақыл берді.
Алмасы оның көп те емес —
Ал, бұрынғы жылдары бұтақтары майысып-сынып тұратын.
Сондағы айыбы не еді?
Бағанасы тал шыбыққа оранған.
Мен ағаштың жанына келдім де,
Өткір қайқы орағыммен майысып тұрған бұтақтарын кесе бастадым.
Бірақ та, сол кезде, мен селк етіп, шошып кеттім:
Ағаш қинала терең тыныс алып,
Бұтақтары жапырақтарымен қосыла шулап,
Сылдыр қағып, тіл қатқандай:
«О, мені, бау-бақшаңдағы сенімді досыңды қорлап, азаптамағын!
Сен бала кезіңнен менің қаншама жемісімнен дәм татқансың.
О, мені азаптамағын!
Сен қатал қолдарыңмен өсіп тұрған бұтақтарымды үзіп,
Менің өміріме қауіп төндіресің.
Мен болмағанда, кім мына тал шыбықтарды көгертіп, өсіп-өндірер еді? Олардың жапырақтарын өзімдікінен ажырата алмаймын. Маған тал шыбықтарды қалайша сүймеске, мен оларға тек қана қорған болып тұрғанда? Ол жай ғана, қызғана жабысып, менің бағанамды орап алды.
Жүздеген тамырларын жайып, жүздеген жаққа тарап кетті; Олар менен көректеніп, не керегін өзегімнен де суырып алып, сонымен бірге ол менің жанымды да қоса алғандай, мықтап менің өміріме кіріп алды. Мен бостан босқа әуреленудемін: менің тамырым тереңдерде жатыр, қуатты да, тіршілік берер шырын-сөлдерімнің тек жарымы ғана төбедегі бөлігіме жетіп отырады.
Түк те болмағандай, жолаушы болып кетіп бара жатқан қауіпті меймандар менің күздегі сүйкімді жемістерімді әбсәтте-ақ үзіп жұлып алады.
Ағаштың ұшар басы бәрінен де құр қалады; өзен бұлағына қарап иілген бұтағының ең биігіндегі соңғы бұтақшалары — өкініштісі, қураған, қурап кеткен!
Менің тынымсыз жасаған ұмтылыстарыма, сылап-сипап, мәпелеп өсірген еңбектеріме оңбаған сатқын асып-тасып, бар рахатқа бөленбек.
Сондықтан да, оның жағдайын сезініп, мен оның құтылмастай шынжырға оранғанын, өмірден түпкілікті өткенін көргенімде, мен риза болып, өзгелердің гүлденгеніне қуанамын. Никий, пышағыңды қынабыңа салғын!
Өзін-өзі құртатын жан аяушылыққа тұрарлық, аяғын. Біздерге ысырап ету өмірдің тәттілігі, осы бір қуанышты маған қалдыршы!
Айтыңдаршы, махаббатқа мүлдем берілгендер, өмірді ұстап тұра ала ма?»
1797
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі