Таң да атты. Оның әлсін-әлсін басқан қадамдары естіліп, тынымсыз ұйқымнан жеңіл оятты. Мен дем алу жерімнен оянып сергек, көтеріңкі көңілде тауға қарап бет алдым. Көздерім менің таң шықтарына оранған гүлдерге түскенде — және де дүние жүзі ерекше жарқырап көкке өрлеп, жаңарып, жаңа бір керемет күш-қуат алып, менің жүрегімді жасартты.
Мен тауға биік өрмелеп келемін, айналам шыр көбелек айналып, жайлап қана қалың тұман сейілді. Ол менің төбемнен қалқып ұшып, тербетіліп ол, будақталып, дірілдеп-қалтырап, қанат қағып жарқырап бір ғажайып көріністе тұнжырап барып ауыр бүркеніп тұтылды. Ақсұр толқындардан имене қашқан тұман булар, солармен бірге мен де жабырқаулы күн кештім.
Бір сәт-мезгілде тұман сәулелене қалт-құлт етіп, нұрлана жанып орманның құлама жарынан төмендеп еріп, ағып түсті. Ыстық ауадан тұманды булар тарап кетті.
Бұлттар арасынан күннің жарқырап көрінгенін сағына күткенім-ай! Соншама қараңғы түнектен соң күннің нұр жарығын көру қандай қуаныш, шексіз бақыт! Тұманмен ұзақ уақыт күресіп жарық, кенеттен жарқырап нұрлана сәулесін шашып менің көзімді шағылдырып байлағандай.
Кеудемді бір тылсым күш келіп қысып, «Көзіңді ашқын», — деп маған, құдіреттім, сыбырлағандай. Мен бір сәтке ғана көзімді ашқан едім: Бәрі де өртеніп жанып, дүние отқа оранғандай болды. Тереңдерге, тұмандар ішіне үңіле қарасам, түсім бе, әлде өңім бе? — Тұмандар арасында Тәңірім құрметке бөлініп биік төрде маған қарап тұр екен. Мұндай кереметті өмірімде еш көрмеген едім.
«Сен таныдың ба? — деп ол жылы сөзбен үн қатты. — Ия, таныдың, ақыным, сен өзіңнің қайғы-мұңдарыңды кімге сеніп тапсырдың, жаралы жүрегіңді емдеуге қандай, нендей дәрілік бал-шырынның дәмін таттың? Құдайым сенің тағдырыңа, маңдайыңа жазылған, алғаш бала кезіңнен жүрегіңе қайғы-мұңдар салған, көңіліңді елжіреткен, сенің жас шағыңда сүйіп оқыған, сол Тәңірің мен боламын».
Тізерлене отыра қалдым да мен: «Ия! — деп жауап бердім. — Бостан босқа қобалжуда өткен күндерімді толтырғандай, көңілімді көтеріп, бойыма қуат бердің, аптаған қапырықты күндерде жақсылықпен құдіретті хош келіп сен, мен үшін көп ойланып қобалжыдың. Алла жарылқап маған сенің бар қасиеттерің қонған, бұл дүниеде, жер бетінде — сенсіз бақыт мүлдем жоқ!
Сенің салып қойған жарық жолыңмен жүріп өттік дегенмен де әрбір жан, сенің есіміңді атаған да жоқпын мен. Қаншама жандармен достасып мен, неше рет жолдан тайдым, сені танып білу тек маған жазған, көрінбестен өзгелердің көздеріне, сенің бал-шырын дәміңнен рахаттана жалғыз өзім таттым».
Тәңірім күле қарап: «Сен дұрыс айтпай тұрсың! Сендердің алдарыңа көрінгендей болған жағдайда маған не болмақ! Егер де сенің мінез-құлқың саған бағынар болса бір сәтке, онда ақылды көздеріңмен зерек қарап — адам армандарынан да асып, өзіңнің адамгершілігіңді де ұмытып, сен өзгелердің бәрін де ақымаққа теңерсің. Өзгелерден сенің қай жерің артық? Өзіңді білсең — жалған дүниеде пенделермен бірге боларсың».
«Кешіргін, мен тек жақсылық жасасам екен деп ойладым! — деп мен жауап қаттым. — Тек соны ғана тілеуменен менің көзім ашылды емес пе? Сен маған терең ойларға шомарлық керемет сый сыйладың, қуанышым қойныма сыймастан бақытыма, армандарға құлаш ұрамын. Мен баға жетпес байлыққа шексіз кенелдім, адамдар да соған жетсе екен деп мен тіледім. Ағайын-туыс, замандастарымды бақытты жандар қатарынан көре алмасам, онда мен не үшін соншама от-шоқ болып, күйіп жанып дархан, жарық жолды іздеймін!»
Тәңірімнің көз қарасы ерекше бір жарылқап, осы бір сәт менің туралығымды да, қателіктерімді де салмақтап, таразылап ол, кенеттен шаттана, нұрлана күліп, тамаша ғажап сілкіне, талпына қозғалып, менің рухымды жаңа биік төрге көтеріп кетті. Мен тік көтеріп басымды қуаныштан, үнсіздікпен, үміт арман сеніммен жарық нұр сәулесіне қарадым.
Қарасам, Тәңірім — көк аспанды тұманнан тазаламақ болып қолын созып тұр екен. Міне — керемет! — кенеттен қараңғы түнектен хош иісті тұман булар перделердей оның қолында жиылып, менің көз алдымда аспан жарқырап айдай жарықтанды, сөйтіп кең дала шексіз ашылды, Тәңірімнің қолында бұлқынған мөлдір, тұнық көрініс будақ түтіндей, жабылды.
«Мейлі, сен әлсіз болғын, — деп ол маған жауап қатты, — Сенің рухың от-шоқ жанып, жақсылықтың отын жағар. Менің сыйлығымды қабылдағын! Онда жарты күннің нұр сәулелі күштері, таңғы орманның хош жұпар иісі бар. Ол сенікі, ақыным! Шексіз биік жарық нұр сәулелер сенің мың бұралған жолдарыңда серік болсын, бақытты жанға поэзиясында адалдықты қаптап беріп, киелі қасиеттерін сыйласын.
Егер де сен, не болмаса сенің досың жарты күннің көлеңкесіне, ыстық аптығына құштар болған жағдайда, — менің сыйым сен далаға қарап үндегін, сонда гүл шоқтардың хош жұпар иісіне толып кеудең, кешкі даланың салқын самалы есіп еркін, небір уайым, қорқыныштардан азат етер, күн де жарқырап ерекше бір, түн де жарық болар, күннің нұры тұмандарды жарып өтіп, сөйтіп сен жүрегіңнің жараланғанын да ұмытарсың».
Келсеңші енді, достым, бүгінгі заманның көшіне ергін,
Келіңдер бәрің де, білсе кімдер татып өмірдің ащысы мен тұщысын,
Сендерге енді көк жарық жолмен біргелесіп жүру жазған,
Сендердің енді түрлі түстерің жарасып, тәтті дәмді жеміс берген.
Иық пен иықтар тіресіп біздер тағдыр жазған күндерімізді күтеміз —
Осылайша өмір сүріп, осылайша болашаққа үміттеніп қадам басамыз.
Болашақ ұрпақтарымыз достықтың өмірлік, өле өлгенше мәңгілік
Екендігін естерінде сақтап, қуанышты көңілменен тойлап жүрсін.
1784
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі