Балуан Шолақ (1864-1916) (шын аты-жөні — Нұрмағанбет Баймырзаұлы) — балуан, әнші-сазгер, сан қырлы өнер иесі. Жас кезінде бір қолының бас бармағы үсіп, содан «шолақ» атанған. Кішкентайынан атқұмар ол небір шу асауларды жалынан ұстап, тырп еткізбей үйреткен. Ат үстінде түрегеп тұрып өнер көрсеткен. Теңге ілу, сайыс, көкпар ойындарында алдына жан салмаған.
Алып күш иесі Троицк қаласында Ресейдің атақты балуаны, дүние жүзінің чемпионы Иван Кореньді жығып, қабырғасын сындырады. Осыдан кейін оның даңқы шығып, көпшілікке тарайды. Ресей жаттықтырушылары кәсіпқой балуан боласың деп Орынбор, Санкт-Петербург қалаларына шақырады. Бірақ жүрген жерінде той-думанға үйренген, халқының еркесі болған ол елін, жерін қимай, бұл ұсыныстан бас тартады.
Көкшетауда өткен ояздың съезінде елу бір пұт (қазірше есептесек, 816 килограмм, бір тоннаға жуық салмақ) гірдің тасын көтеріп, жиналған жұртты таң қалдырады. Алып күш иесі Балуан Шолақтың осы гірдің тасын көтергені және Корень балуанды қалай жыққаны туралы деректер өзінің шығарған өлеңдерінде кездеседі.
Ән-күйге құмар Балуан Шолақ екі өнерді қатар дамытқан. Ол ел аралап, салдық құрған және жалғыз жүрмей, маңына өнерлі жастарды (әнші, күйші, балуан) жинаған. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал мен Ақан серінің әндерін орындап қана қоймай, халық арасында насихат жүргізген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Мағжан Жұмабаев
- Мағжан Жұмабаев
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі