Өлең, жыр, ақындар

Бұлбұл

Бұлбұл — торғай тәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құс. Қазақставда екі түрі — кәдімгі немесе шығыс бүлбұлы және оңтүстік не зортұмсықты бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзевдерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі кыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160-190 мм, канатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17-26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл — жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға рып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұгақтарына салады. Мамыр-маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш-он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен коректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да зор.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз