Жолбарыс — сүтқоректілер класының мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң. Қазіргі кезде Ресейдің Қиыр шығысында, Үндістан түбегінде, Қытайда, Ява, Суматра аралдарында ғана кездеседі. 20-ғасырдың 50-жылдарына дейін Тұран жолбарысы Қазақстанда Сырдарияның төменгі ағысындағы қалың қамысты, тоғайларды мекендеген; осы өңірде соңғы жолбарыс 1933 жылы, ал Балқаш жағалауында 1948 жылы атылған. Тұрқы 160-290 см (ең ірілері 3 м-ден асады), құйрығының ұзындығы 110-120 см-дей, салмағы 200-220 кг (кейде 300 кг-нан артық). Еркегі ұрғашысынан ірі болады. Басы жұмыр, жүнінің түсі қызыл жирен, арқасы мен екі бүйірінде көлденең қара түсті жолақтары айқын байқалады. Құлағы кысқа, төрт қатар мұртшалары ірі қылшықты (ұзындығы 14-18 см). Көзінің қарашығы ашық сары түсті. Сойдақ тістері өте ірі әрі өткір, иілген тырнақтары мықты, алдыңғы аяғы артқы аяғынан жақсы жетілген. Көбінесе, қоныс ауыстырып, жеке жүреді.
Жабайы шошқа, бұғы, марал, елік, т.б. тұяқты жануарларды ұстап жейді, кейде малға, қасқырға, итке де шабады. Жолбарыс 2-3 күшік туады, оларды 5-6 ай емізеді. Табиғи жағдайда 40-50 жылдай тіршілік етеді. Дүние жүзінде жолбарыстың саны жылдан жылға азаюда. Мысалы, 2000 жылы жолбарыстардың жалпы саны 7 мың болды. Сондықтан жолбарыстың барлық түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Жолбарысты қазақ халқы ежелден күштіліктің символы санаған. 12-13-ғасырларда Тоқтамыс хан соқтырған тиында жолбарыс бейнесі салынған.
Оқуға кеңес береміз:
Жолбарыстар және олар туралы қызықты
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі