Өлең, жыр, ақындар

Қадырғали Жалайыр

Қадырғали Жалайыр (XVI-XVII ғасырдың басы) — аса көрнекті орта ғасыр тарихшысы.Ол би және аса білімді кісі болған. Шығыс тарихын және мұсылман мәдениетінің тарихын жетік меңгерген. Араб, парсы тілдерін өте жақсы білген. Қазақстан, Орта Азия және Оңтүстік Сібірдің көптеген қалалары мен облыстарында болған. Қоғам өмірін жан-жақты білуінің арқасында ол сұлтан Онданның ұлы Ораз Мұхаммедтің тәрбиешісі (аталық) ретінде жоғары лауазымды қызмет атқарған.

Қадырғали Жалайыр — XVII ғасырдың басында Қазақ хандығы туралы тарихи еңбек жазған тұңғыш қазақ ғалымы. Ол өз кітабында Шыңғыс хан әулетінің және Алтын Орда билеушілерінің тарихын жазады. Оның жазған көптеген деректері қазақ халқының тарихи ауыз әдебиетінен алынғандықтан, басқа тарихи шығармаларда кездеспейді. Қадырғали Жалайырдың кітабының арқасында XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихын білеміз. Біздің заманымызға қазақ халқының тарихи мәдениеті — аса бай мұрасы осы тарихшының еңбегі арқылы жетті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз