Қазақтың көне жазба әдебиеттерінде, жазба шежірелерінде жыл есебі һижра (Қижра — араб күнтізбесі) бойынша беріліп отырған. Ислам дінін ұстанған халықтардың кейбірінде һижра бойынша жыл санау дәстүрі кең тараған.
Исламнан бұрын Арабияда 24 жылдық жыл санау есебі қолданылған. Ислам діні шыққаннан бері арабтар қолданатын жыл санау жүйесі - «Тарих әл-һижра» деп аталады. «Һижра» — «ауып бару, қоныс аудару» деген мағынаны береді. Қазіргі араб күнтізбесі һижрадан, яғни Мұхаммед пайғамбардың Мекке қаласынан Мединеге қоныс аударған күнінен басталып есептеледі. Бұл — 622 жылғы шілде айының 16-сына қараған түні. Һижра есебін Мұхаммед өлгеннен кейін 5 жыл өткенде, 637 жылы халиф Омар ибн әл-Хаттаб (634 - 644) жасаған.
Мұсылман немесе араб күнтізбесіндегі жылдың басы жылжып отырады. Һижраның Күн қозғалысына қатысы жоқ. Һижра, негізінен, Ай өзгерістеріне байланысты жасалған күнтізбе болып табылады. Ол тек Айға негізделген. Жерлері ыстық және шөлді болғандықтан, олар күндіз демалып, түнгі салкында Айдың жарығымен жұмыс жасайтын болған. Араб күнтізбесінің шығуының басты себебі де осы.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі