Өлең, жыр, ақындар

Мұрат Айтқожин

Мұрат Әбенұлы Айтқожин (1939-1987) ірі қоғам қайраткері, Қазақстанда молекулярлық биология мен биотехнологияның негізін қалаушы, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Ол Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Студент кезінен-ақ қышқылдар бойынша зерттеулермен айналысқан.

Негізгі еңбектері белоктың молекулалык құрылымдарын ашуға арналған. Жануар дамуында молекулалардың қалай түзілетінін зерттеді. Талантты ғалымның химия мен биология саласындағы жарқын ізденістері халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан да ыстық ықыласқа, қолдауға ие болды. Молекулярлық биологияның қазақстандық мектебін қалыптастырды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз