Өлең, жыр, ақындар

Италиядағы ең алғашқы әйелдерге арналған News magazine

Журнал тарихына көз жүгіртетін болсақ, Донна Модерна 1988 жылы құрылған. Әр шығарылымды апта сайын таратып отырған. Arnoldo Mondadori Editoreның негізінде қаланған және құрамына кіреді. Апталық штаб-пәтері Миланда орналасқан. Модерна (ағылшын тілінен аударғанда «Заманауи әйел» - деген мағына береді). Ең алғашқы нөмірі 1988 жылдың 22 наурызында жарық көрген. Негізгі тақырыптары сұлулық, сән, тамақ, үйлену тойлары мен дүкендер туралы. Итальяндық әйелдер журналының нақты мысалы-апталық басылым. Бұл американдық American Vogue немесе English Vanity Fairмен типтес. Мұнда иллюстрацияларды қолдану өте маңызды. Қазіргі таңда журнал Donna Moderna Wellness, Casa Idea және Donna in Forma секілді қосымшаларын оқырманға ұсынуда. Журналдың мақсатты аудиториясы- 25 пен 45 жас аралығындағы әйелдер. 1993 жылдың қыркүйегінен 1994 жылдың тамызына дейін Донна Модернаның таралымы 618 739 дана болды.

2001 жылы ол 618000 дана таралыммен әлемдегі ең үздік 50 әйел журналының қатарына кірді. 2003 жылдың қаңтарынан тамызына дейін журналдың таралымы 561 000 данаға жетті. Оның таралымы 2004 жылы 502 мыңға дейін төмендесе, 2007 жылы 497 787 дананы құрады. 2020 жылдың қараша айында Донна Модернаның онлайн-арнасына күн сайын 4, 6 миллионнан астам адам кіріп отырды. Бұл статистика Италиядағы апта сайынғы әйелдер журналының бірегей күнделікті интернет-аудиториясын кіру құрылғысы бойынша бөлінген. 3, 5 миллион жеке қолданушылар Donna Modern контентіне смартфондар арқылы кіргендіктен ең көп қолданылған құрылғы есебіне енді.

Ғалымзат Ақыл 2-курс студенті

Жетекшілері:Майкотова Ғ. Т. , ф. ғ. к. , доцент Әлім Ә. А. аға оқытушы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз