Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы «әкем үшін жауап беремін» деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті.
— Тақсыр патшам, — деді қыз, — менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы, —деп өзінің қолын көтерді. — Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.
Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді.
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Моля
Кушты
інжу
жақсы екен
жансая
Маган унады
жансая
Оте жаксы екен
Бекжан
Керемет
Ақмарал
керемет жазылған
Нұрсайн
керемет аллла разы болсын аллаға шкур дик
Арайлым
Ыбырай Алтынсариннің Мейірімді бала әңгімесі ұнады
Пико
Өте керемет қысқа да нұсқа❤️????