Елордалық оқушылар туған өлкенің тарихи-мәдени құндылықтарымен терең танысуда
Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 1-5 қараша аралығында «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында өңірдің көрікті жерлерін аралап, ғылыми жобаларына тың материал жинауды бастады. Биыл, жобаға шаңырақтардан «Үздік» деп танылған 22 оқушы қатысуда. Жорықтың алғашқы күні оқушылар Қабанбай батыр кесенесіне ат басын бұрды.
Қабанбай батыр кесенесі Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылжар ауылында орналасқан. Тарих пәні мұғалімі Ақтоты Ғазизқызы жас өлкетанушыларға Қабанбай батыр жайындағы тарихи деректермен және кесене жайлы көлемді ақпаратпен бөлісті. Жас өлкетанушы, 10 D сыныбының оқушысы Шәкірт Әли Ринатұлы саяхаттан алған әсері керемет екендігін айтты.
— «Өр тұлға Қабанбай батыр кесенесіне барған саяхаттан үлкен жігер алып қайттым. Батырдың рухы бізді қанаттандырды. Осы саяхат маған көп жақсы әсер беріп, жақсы көңіл-күйдемін. Мен қазір Қабанбай батыр кесенесін қалың жұртшылыққа таныстыру мақсатында Minecraft ойынында батыр кесенесінің макетін жасап шығардым. Бұл өз кезегінде, менің құрдастарыма туған өлкенің тарихи жерлерін насихаттауға арналады».
Куратор Іңкар Мирхатқызы оқушыларға кесене жанында орналасқан «Ұлттық пантеон» жайында айтып өтті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі