Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деген болатын.
Азаматтық қоғам дегеніміз – демократия дамуының көрсеткіші.
Ал оның басты белгісі – халықтың «мемлекет бізге не береді?» деп күтуі емес, керісінше «біз мемлекеттің дамуы үшін не істей аламыз?» деген сұрақ қоя алуы. Азаматтық қоғам тура мағынасында жалпы қоғамның санасына байланысты дүние, ал нақтыласақ институттарына үкіметтік емес ұйымдардан бөлек, саяси партияларды, еріктілер қозғалысы мен қайырымдылық қорларды жатқыза аламыз.
Ал енді біздің елде, Қазақстанда азаматтық қоғам бар деп айта аламыз ба? Жоқ. Цифрлы көрсеткіштер, статистикалар болуы мүмкін, дегенмен сапалық жағынан әлі де дамытуды қажет етеді біздік азаматтық қоғам.
Азаматтық қоғам өзін-өзі дамытуы тиіс. Ол ең алдымен білім арқылы келеді. Әрбір азамат өз құқықтарын білсе, саясатқа көзі ашық, мәдениетке көкірегі ояу болса, қоғамдық процесстерге белсенді болып, өз позициясын немесе пікірін естірте білсе, өз және мемлекет болашағы үшін бір нәрсе болсын жасай алса - міне, бұл азаматтық қоғам болушы еді. Ал бізде қалай?
Көпшілік өз құқығын білмейді. Қарапайым ғана, бізде жұмысқа парасыз немесе таныссыз кіру мүмкін емес деген түсінік қалыптасқан. Ота жасатар алдында "қолыңыз жүрсін" деп дәрігердің қалтасына ақша салуды міндет көреді көпшілік. Полиция немесе прокуратура тарапынан дөрекілік, қисықтық немесе қандай да бір қысым, құқық бұзушылық орын алса "тыныштық керек" деп үрейленіп, жабулы қазан жабулы күйінде қалады көбінде. ҰБТ-дің өзінде баласына баллды сатып алғысы келген талай адамды осы жылы да, өткен жылдары да аз көрмедік. Міне, парақорлық, міне коррупция! Адамдар өз құқығын және қоғам құқығын сыйламайды, әлі де сыйлай алмай жүр.
Одан соң қоғамның саяси сауаттылығы төмен. "Демократиялы" мемлекетте тұрғанымызбен демократияның сипатын да мәнін де ұғынбаймыз. Қолданбаймыз. Өзіміз сайлаған президент, өзіміз сайлаған партия. Өзіміздің, халықтың ақшасы. Билік бірақ, қатырып жатыр ма? Жоқ, оны барлығымыз білеміз. Бірақ, әрекетке көшкен қайссымыз бар?
Қазақстандағы жемқорлықтың амбассадорына айналған әйгілі "LRT"-ні алайық. Қаншама қаржы, уақыт, процесс, қағаздар, уәделер. Алайда, нәтиже қайда? Сонау 2011 жылы басталып, соңы көп нүктеге айналған «Астана LRT» ісіндегі күдіктілер Түркия мен АҚШ-та қашып жүр. Компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда қашып жүрсе, екінші күдікті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтің Америка Құрама Штаттарында жүргені анықталды. Миллардтардың халық игілігіне емес, базбіреулердің қалтасына кеткенін біле тұра соның саяси мәнін ұға алған қоғам қане? "ЛРТ"-ның салынуына қажеттілік болған жоқ, ол салынып, қолданысқа енгізілген күннің өзінде мемлекет қазынасына кіріс кіргізе алмайтынын, тек шығын болатынын экономик мамандар дәлелдеп шықты. Еш пайдасы жоқ дүниені билік беті бүлк етпестен, халықпен санаспастан салуға шешті. Бұл "LRT" біреуі ғана, мәселен "мынау, мынау" деп айтар қаншама былық-шылық бар. Соның байыбына барып, биліктен жауап талап етер сауат жоқ бізде өкініштісі. Неге мемлекетті билік деп, халық деп бөлеміз. Конституция алдында барлық азамат тең еді ғой. Азаматтық қоғам ақсақ, саяси сауат саяз.
Асылбек Қожахметов есімді азаматтың биліктен бір нәрсе сұрау үшін әуелі өзің бір нәрсе жасауың керек" деген пікірін оқыдым да туладым. Ей, билік! Сен өзіңді кім санайсың? Билік бұрын монархия, тоталитаризм кезінде билік болған шығар. Ал қазір билік халықтың әлеуетін жақсартуға міндетті қызметкерлер.
Бір білетініміз біздің демоктратиялы да азаматтық қоғамымыз өз деңгейінде емес. Өз бейнесіне келіп, дұрыс сипат алу үшін, әрине, уақыт керек. Саяси және құқықтық сауат керек. Қоғам, әрбір адам білімді, прагматик болуы қажет. Сонда ғана азаматтық қоғам толық қалыптасып, демократия салтанат құрмақ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультетінің 2 курс студенті
Мейрбек Баян Мұратбекқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі